ШҰҒЫЛ! ҚАЛЫҢ ҚАРДЫҢ ҚАРБАЛАСЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЕЛДІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ДАМУЫ

15:11, 11 қыркүйек 2019

Ақмолалықтардың пікірінше Президент Жолдауында ерекше атап көрсетілген қазақстандық қоғамда бірқатар салаларды жетілдіру мен трансформациялаудың мәні мен маңызы орасан. Стратегиялық құжатта шағын кәсіпкерлікті дамыту, сыбайлас жемқорлықпен күресу, цифрландыру реформаларын одан әрі жалғастыру сынды өткір де өзекті мәселелер көтерілді.    

Қазақстандық қоғамның көш ілгері басуы мен толағай табыстарға қол жеткізуі  -  елдегі татулық пен тұрақтылық, ұлтаралық келісім негізінде жүзеге асып келе жатқаны белгілі. Аймақтағы этно мәдени бірлестік өкілдерінің пікірі осыған саяды. Сол себепті де бірлестіктердің жұмысы ұлт пен ұлыс арасындағы рухани келісімді мейлінше нығайтуға бағытталған.

Светлана корнеева, «Видергебурт» этномәдени орталығының жетекшісі

Біз Қазақ елінің әлемдік аренадағы бәсекеге қабілетті болуын қалаймыз. Ел Президенті мұндай биік белестерді бағындыру елдегі ұлтаралық келісім мен ауызбіршілікке тікелей байланысты екендігін атап өтті. Ассамблеяның өкілі ретінде жұмыс барысында ынтымақ пен бірлік, ұлттар достығын нығайту мәселелеріне жіті көңіл бөлеміз.  

Қазіргі заманғы азаматтық қоғамда мемлекет пен халық арасында шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша өзара әріптестік байланыс орнаған. Осы орайда Ел Президенті 2025-ші жылға дейін азаматтық қоғам тұжырымдамасын әзірлеу туралы тапсырма жүктеді. Бұл өз кезегінде үкіметтік емес ұйым жұмысын одан әрі ширатуға оң ықпал ететін болады.     

Мәриям әбішева, «Kazakhstan innovations» қорының жетекшісі

Президент  Жолдауы цифрландыру, жасыл технологиялар, энергия тиімділігі мен инновациялық жобалаларды одан әрі дамытуға бағытталып отыр. Бұл ретте халық саулығы мен экология мәселелері ең алдыңғы орында тұрғандығы  баршаға аян.    

Шын мәнінде, білім беру, тұрғын үй саясаты мен денсаулық сақтау салалары сынды әлеуметтің өткір де өзекті мәселелері күт тәртібінен түскен емес. Сондықтан Президент Жолдауының әр тармағы қазақстандықтардың тұрмыс сапасын арттыруды барынша қамтамасыз етуге бағытталып отыр.      

 Ерболат Серікбай, Мадина Смағулова, Ермек Махметов, «Көкше ақпарат».

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТЫҚ ДЕРЕКТЕР КӨБЕЙІП ОТЫР
18:02, 27 қаңтар 2020
АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТЫҚ ДЕРЕКТЕР КӨБЕЙІП ОТЫР
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ БАСЫМ БӨЛІГІ ЖАБЫҚ
18:02, 27 қаңтар 2020
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ БАСЫ...
Толығырақ...
18:01, 27 қаңтар 2020
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:16, 24 қаңтар 2020
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
Толығырақ...
18:01, 27 қаңтар 2020
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
18:29, 24 қаңтар 2020
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
Толығырақ...