ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

17:04, 13 қаңтар 2020

 


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «мықты бірліктің арқасында біз ел тәуелсіздігін нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін бар жағдайды жасадық»,-деп атап өтті. Өз кезегінде, бұқара халық Мемлекет басшысының ұсынған бастамаларын қолдап, оның жүзеге асуына атсалысуға ниетті.

Мемлекет басшысы саяси құжатта ел бюджеті негізгі екі бағытқа бағытталуы тиіс,-деп мәлімдеді. Оның бірі - экономиканы дамыту болса, енді бірі әлеуметтік проблемаларды шешу.  Әлеуметтік салада білім алуға және медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған.

МӘДИНА ҚАСЫМБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Шынында да, соңғы Жолдау әлеуметтік сипатқа ие.  Халықтың әлеуетін арттыруға көп назар аудартылған. Яғни, бұл еңбекақыны көтеру, білім беру сапасын арттыру, педагогтарды қолдау, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасын жақсарту. Бұл бүгінгі күні елдің әр түрғының толғандыратын өзекті мәселелер екені шындық.

Мемлекет басшысы 2020 жылды "Еріктілер жылы" деп жариялады. Ол өз сөзінде жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті жұмыстарға қатысуын кеңейту және олардың  белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын осы бастан қалыптастыру екендігін атап өтті. Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмыстың маңызды бөлігі.

МАРИЯ МЕЛЬНИКОВА, ЕРІКТІ

Мемлекет басшысы 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялады. Әрине, бұл еліміздегі еріктілер қозғалысын дамытуға тың серпін береді. Жеке тұлғалар мен ұйымдардың күш-жігерін біріктіру арқылы жаңа жүйелі тәсілдерді анықтауға мүмкіндік бермек.

Бүгінде Үкімет мүшелеріне, мемлекеттік органдар мен өңірлердің, мемлекеттік компаниялар мен мекемелердің басшыларына реформаларды тиімді жүзеге асыру үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Ел Президенті олардан сапалы жұмыс пен нақты көрсеткіштерге қол жеткізуді талап етіп, зор үміт күтеді.

АБЗАЛ БАЛТАБАЕВ, НҰРСҰЛТАН ЫБРАЕВ,  ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРА

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
18:40, 23 қаңтар 2020
ОБЛЫСТЫҚ ВОЛЕЙБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫНБАҚ
18:38, 23 қаңтар 2020
ҰЛЫ АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫ ҚАРСАҢЫНДА АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ҚОЛҒА АЛЫ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
15:37, 20 қаңтар 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ВАЛИДАТОРЛАРМЕН ЖАРАҚТАЛУДА
Толығырақ...
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРДІ
15:22, 17 қаңтар 2020
ЖЕРГІЛІКТІ 9 ҚАЛАМГЕРДІҢ ТУЫНДЫЛАРЫ АУДИОКІТАП РЕТІНДЕ ЖАРЫҚ...
Толығырақ...
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ  ІС ТІРКЕЛГЕН
15:50, 22 қаңтар 2020
ӨТКЕН ЖЫЛЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 167 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІ...
Толығырақ...