ШҰҒЫЛ! ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ ҚАТАҢ КАРАНТИН САҚТАЛАДЫ Толығырақ

​ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ХАЛЫҚ БІРЛІГІ – БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

17:09, 10 ақпан 2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына арнаған Жолдауында ауызбіршілікке үлкен мән береді. Елбасы да талай рет біздің басты құндылығымыз  - халықтар бірлігі деген болатын. Осы мақсатта құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы да биыл өзінің 25 жылдығын атап өтуде. Аталған институт – еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі болып отыр.

Саясаткерлерлердің пікірінше, қандай да болсын экономикалық, әлеуметтік немесе рухани жаңғыру елдегі тұрақтылықсыз жүзеге аспайды. Бұл туралы Президент те  өз Жолдауында айтқан болатын. Биыл құрылғанына 25 жыл болатын Қазақстан Халқы Ассамблеясы халықтың бірлігін нығайту бағытында өз міндеттерін жүзеге асыру бойынша тың ойларын алға тартуда. 

МӘРЗИЯТ ТОХАЕВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ХАТШЫЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ

«Достық» үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихынан сыр шертетін  көрме залын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Біз өткізетін іс-шаралардың мазмұнына үлкен мән береміз. Бұл біріншіден, әрине де, іс шаралардың идеологиялық сипаты. 

Қазақстан – әлемдік сахнада халықтар бірлігі жарасқан, толеранттылық қалыптасқан ел ретінде танылып отыр. десе де бұл жаңа деңгейге өту керек,-дейді саясаткерлер. Бұл бағытта Ақмола Ассамблеясы бірқатар қадамдар жасауда. Яғни, Ресейдің  Омбы аймақтық Ассамблеясымен және Заурал халқының Қорған бөлімшесімен ынтымақтастық келісімге келу жоспарланып отыр. Яғни, әлеуметтік және гуманитарлық бағытта әріптестік орнату көзделуде.

ЕРДЕН НҰРАХМЕТ, СТУДЕНТ:

Халықтар арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты көздейтін кез келген  реформа жемісті болатыны белгілі. Бұл туралы Перзидент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында айтқан болатын. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Оның аясында бірқатар игі шаралар жоспарланып отыр. оған біз жастар да ат салысуға дайынбыз. ///

Президент Жолдауында заман талабына сай тиімді мемлекеттік басқаруға ұмтылу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ауылдарды, бизнес пен технологияны дамыту сияқты бірқатар міндеттер жүктелген. Оны жүзеге асыруға әр азамат ат салысса, діттеген мақсатқа жету қиын болмасы сөзсіз.

Бибінұр Әмірханқызы, Мадина Смағұлова, Павел Соловьев, Көкше ақпара

Тақырып бойынша материалдар

КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
20:05, 14 тамыз 2020
КАРАНТИН УАҚЫТЫНДА 120 ТОННА АНТИСЕПТИК ШЫҒАРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
20:02, 10 тамыз 2020
АБАЙ КҮНІ – ПАРАСАТ ПЕН ДАНАЛЫҚ МЕЙРАМЫ
Толығырақ...
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР»
19:56, 10 тамыз 2020
ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «АБАЙ – РУХАНИ РЕФОРМАТОР...
Толығырақ...