ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ ҚАЛЫПТАСПАҚ

18:22, 7 қазан 2019

Үкіметтің жергілікті өкілі ретінде облыстық мәслихат бірқатар мәселелерді шешуде атсалысып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап көрсеткендей, оның ең басты қызметі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру.   

Мәслихат – халықпен таңдалатын, оның еркін орындай отыра мемлекеттік саясатты іске асыратын орган. Мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау сапасын анықтау, оларға шұғыл шара қолдану -  біз үшін аса маңызды,- дейді облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Баймағамбетов.  

ӘЛІБЕК БАЙМАҒАМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

Бүгінде мемлекеттің есеп беруі жайында сөз болғанда мықты Президенттің, беделді мемлекеттің бейнесі елестейді. Мен көп жылдар бойы әкімдікте жұмыс істедім. Есеп беру - маңызды істердің бірі.  Өкініштісі, егер проблемалар болса, онда ол кезінде тыңдалмай қалған мәселелердің бар болғанын білдіреді. Сол кезде ғана біз бөлек құрылымдық бөлімшелермен бұл мәселелерді шеше бастаймыз. Менің ойымша, проблемаларды барлық мемлекеттік органдар жұмыла шешулері қажет.

Саяси реформаларды іске асыру үшін алға болжам жасамай, нақты ойластырылған іспен шешу қажет, - делінген Президент Жолдауында. Бұл жайында салмақты дәлелдерді облыстық мәслихаттың хатшысы келтірді.

ӘЛІБЕК БАЙМАҒАМБЕТОВ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ХАТШЫСЫ

Өзара диалог болу керек деп ойлаймын. Себебі, Президент өз Жолдауында құрылымдық қоғамдық диалог жайында бекер сөз қозғаған жоқ. Біз барлығын көріп, естіп отырамыз. Биліктің барлық өкілдері белгілі проблемаларды естіп қана қоймай, оларды шешу барысында белгілі бір қадам жасаулары маңызды.

Экономикалық реформалар елдің қоғамдық-саяси өмірінсіз ойдағыдай іске аспайды. «Мықты Президент – беделді Парламент – есеп беруші Үкімет». Осы маңызды тіректер арқылы ғана Қазақстанның дамуы алға жылжымақ.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...