ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ҚЫЗМЕТІНДЕГІ БАСЫМДЫҚТАР

17:07, 10 қыркүйек 2019

ДК: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы халықпен сындарлы диалогқа бағытталған. Қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың қажеттіліктеріне жедел ден қою – мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдықтары болып табылады.

РКС: Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөледі. Үш жылдық бюджет шеңберінде денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 2,3 трлн теңгеден астам қаржы бағытталатын болады. Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.

СНХ: ЕРҒАЛИ ҚҰТТЫБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ

Медициналық сақтандыру біздің халыққа не береді? Халықтың 15 санаты мемлекет есебінен медициналық сақтандырумен қамтылатын болады. Қалғандары өздері төлейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен денсаулық сақтауды қаржыландыру 60 пайызға артады. Бұл не береді? Халыққа кеңестік-диагностикалық және жоғары мамандандырылған көмекті қаржыландыру 5 есеге артса, оңалту көмегі 4 есеге артпақ. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру 60 пайызға артады. Осының бәрі медициналық көмек көрсету сапасын жақсартады.

РКС: Сондай-ақ, мемлекет басшысы қазақстандықтарға құрметті демалысқа шыққанға дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға мүмкіндік беруді ұсынды. Осылайша, тұрғындар ол қаржыны тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға байланысты қажеттіліктерге пайдалана алмақ.

СНХ: АЗАМАТ САҒАДИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ

Менің ойымша, мұның барлығы да дұрыс. Өйткені, бұл жас мамандарға, жас отбасыларға тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Сондықтан, бұл дұрыс шешім деп есептеймін. Себебі, адамдар бұл шешімді көптен күтті.

РКС: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біз мемлекетті реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Біз қойылған міндеттерді сапалы орындауға тиіспіз. Осылайша, еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерістерді сезінуі тиіс.

АЙЖАН АҚТАЕВА, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...