ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ӨНЕР-ҰЛТТЫҢ КЕЛБЕТІ

15:38, 20 қаңтар 2020

Президент жолдауы елімізде бұрын-соңды болмаған жаңа бастамаларды, тың дүниелерді ұсына отырып, дамудың дара жолынан таймаудың тетіктерін көрсетті. Бұл тұрғыда әлем мемлекеттерінің тәжірибелеріне сүйене отырып жұмыс істеу керек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары тасада қалған, бірақ ел руханиятының тамыры саналатын  мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін елеп, атқарып жатқан қызметтерін тиісті деңгейде бағалауды тапсырды. Мәдениет саласы туралы тағы да қандай өзекті мәселелер қозғалғанын әріптесім Байболат Ерқанат айтып берсін.  

Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Келесі жылдан бастап Үкімет мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көбейтуі тиіс. Міне, осы сөзді Ел Президентінің жолдауынан естіген кезде мәдениет саласында қызмет атқарып жүрген барша жан бөркін аспанға ата куанды.  Төленетін айлықтың салдарынан осы уақытқа дейін аталмыш салада біршама мәселелер туындағаны жасырын емес.  Атап айтсақ, жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмауы, өнер ошағында оқып шықса да көп маманның басқа салаға бет бұруы, шалғай елді мекендердедегі кадр тапшылығы.  

ЕРБОЛ ҚАБЫЛБЕКОВ, ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Негізі мәдениет саласының қызыметкерлері барлық мемлекеттік бағдарламалардан шет қалды деген теріс ұғым. Жастар жылында болсын сала мамандары көптеген қолдауларға ие болды. Қандай салада білім алсаң да қалалық жерлерде ғана қалып қоймай, ауылға да  келу керек. Сол кезде мемлекет тарапынан жасалатын  жағыдайларға қол жеткізе аласың.   

Келгенбай Өнернбек Шортанды аудандық ойын-сауық орталығына екі жыл бұрын «Дипломмен ауылға» жобасымен келген. Жас маман негізгі қызыметінен бөлек түрлі өнер үйірмелерін ашып  қосымша табыстың кілтін тапқан. Қызыметтік пұлдың өсуі сала мамандарына, оның ішінде жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік, енді білек сыбана жұмыс жасайтын сәт туды дейді, - Келгенбай.    

КЕЛГЕНБАЙ ӨНЕРБЕК, ШОРТАНДЫ АУДАНДЫҚ ОЙЫН-САУЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗЫМЕТКЕРІ

Президент жолдауы ел мәдениетіне қызымет етіп жүрген жандар үшін бір үлкен серпін болды. Тынбай жұмыс жасап, еліне жеріне өнері көрсетіп тер төгіп жүрген өнерпаздарға  бұл өте жақсы мотивация болды. Ендігі кезекте осы мүмкіндікті қалт жібермей пайдаға жарата білу өзіміздің құзырымызда.  

Жолдауды мәдениет саласының майталмандарымен біріге талқылаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова  келер жылы аталмыш сала қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өседі деп мәлімдеді. Енді театр әртістерінің орташа жалақысы 231 мың, ал кітапхана, музей және архив қызметкерлерінің еңбекақысы 164 мың теңге болмақ.   

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...