ШҰҒЫЛ! 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ

16:25, 29 қараша 2019

 


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында тиімді шағын және орта бизнес қала мен ауылды дамытудың берік негізі екендігін ерекше атап өтті. Бұл ең алдымен тұрғындарға тұрақты жұмыс орнын ашып, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. Сондықтан, бұл мақсатқа Президент Ұлттық қордан 100 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлу туралы тапсырма жүктеді. 

Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету жүйесін жаңа жобаларға басымдық бере отырып, қайта құру туралы тапсырма жүктеді. Сондай-ақ Үкіметке «Бизнестің жаңа жол картасы»  аясында осы мақсатқа сәйкес алдағы үш жыл ішінде қосымша 250 миллиард теңге бөлу қажеттігін атап өтті. Биылғы жылы екі бірдей кәсіпкерлік саласындағы жоба қолға алынған. Оның бірі 29 жасқа дейінгі жастарға арналған екі апталық «жас кәсіпкер» бағдарламасы.  Нәтижесінде жастар жылдық үстемесі 6 пайыз болатын жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ өздерінің шағын кәсібін дамытуға 505 мың теңге қосымша грант беріледі. Екіншісі жұмыссыз, жағдайы төмен және көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 20 күндік «Бастау» бағдарламасы.  

АЙНАГҮЛ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БИЗНЕС-ТРЕНЕРІ

Биылғы жылы 350-ден астам азамат оқуларын аяқтады. Олардың ішінде 75 адам грант иегері атанды. 20-дан астам азамат жеңілдетілген несие рәсімдеді. Салалары да әртүрлі. Мал, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, тігін ісі мен шаштараз да бар.    

Халық арасында кәсіпкерлік негіздерінің әліппесін оқытуға арналған «Бастау» бағдарламасының иігілігін көргендердің бірі - Ләззат Досмағамбетова.    

ЛӘЗЗАТ ДОСМАҒАМБЕТОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР

«Бастау» бизнес деген бағдарлама бар. Жұмыспен қату орталығы соған барып оқып көріңіз деген кеңес айтты. Бұл енді өте жақсы жоба. Бізге өте пайдалы. Бүгінде мен сертификат алдым. 252 мың теңге грант алдым. Ноутбук, принтер, өзге де қажетті заттар сатып алдым. Грант бойынша өзіме фирма ашып, «Жаңа өмір» деген жылжымайтын мүлік агенттігін аштым.

Жолдау жүктеген бағдарламаға сәйкес, Үкіметке мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өнімділігі жоғары орта бизнеске қолдау көрсетудің кешенді шараларын әзірлеу тапсырылды. Соның ішінде салықтық, қаржылық, әкімшілік ынталандыру мәселелері көзделген. Яғни, 2020 жылғы қаңтардан бастап, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімі күшіне енеді. Осылайша, шағын бизнеске түсетін ауыртпалық азайтылып, кәсібінің нәсібін көретіндердің қатары анағұрлым артпақшы.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
18:14, 13 желтоқсан 2019
ОБЛЫСТЫҢ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛҒЫ БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
 6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
18:12, 13 желтоқсан 2019
6 ЖАСАР БАЛА КАРДИОХИРУГ БОЛУДЫ АРМАНДАЙДЫ
Толығырақ...
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖАСТА!
18:10, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

15:41, 13 желтоқсан 2019
ҒАЛЫМ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ СӘБИТ ЖӘМБЕК - 60 ЖА...
Толығырақ...
 «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
15:41, 13 желтоқсан 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛ...
Толығырақ...
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛОН ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН
17:21, 12 желтоқсан 2019
КӨШЕЛЕРГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗУГЕ ОБЛЫС БЮДЖЕТІНЕН 500 МИЛЛО...
Толығырақ...