ШҰҒЫЛ! ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. СОТ ЖҮЙЕСІ - ХАЛЫҚ МҮДДЕСІНІҢ ҚОРҒАНЫ

15:51, 8 қараша 2019


Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар – азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың қауіпсіздігін күшейтудің негізгі факторы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған бұл  реформаларды жүзеге асыру барысы Парламент пен қоғам арасында кеңінен талқылануда. Құқықтық жүйедегі жаңалықтар нені көздейді? Осы және өзге де сауалдарға ақмолалық судьялар пікір бөлісті.  

Мемлекет басшысы ұсынған сот саласындағы реформалар үш негізгі бағытта атқарылмақ. Оның біріншісі сот шешімдерінің негіздемесі мен сапасын арттыру. Екіншіден, сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету көзделген. Бұл англо-саксондық сот тәжірибесінде кең қолданылатын әлемдік үрдіс. Үшінші бағыт әкімшілік органдармен орын алған дау-дамайларда тұрғындар мен бизнестің мүддесін қорғау.

БАУЫРЖАН ӘЛЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӘКІМШІЛІК СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

10 қыркүйек күні Парламет Мәжілісінде Президент ұсынған тың бастамаларды әкімшілік кодекске енгізу жобасы ұсынылды. Бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Мысалы, мемлекеттік аппарат құрлымдары мен қарапайым жеке және заңды тұлғалардың мүмкіндіктері тең емес. Жоба билік өкілдерімен соттасқан жеке және заңды тұлғалардың мүддесін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.  

Мұндай сот отырыстарында әкімшілік әділет құрылымдары іске араласады. Сондай-ақ, екіұдай жағдайларда судьяларға қосымша айғақ талап ету құқығы берілмек. Бұдан бөлек, заңнамадағы барлық қарама-қайшылықтар мен дүдәмал тұстар азаматтардың мүдделерін ескере отырып, түсіндірілуі тиіс.

МЕЙІРБЕК БАЙГЕЛОВ, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СОТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

2019 жылдың өткен 10 айында мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына 4492 арыз келіп түскен. Бүгінгі таңда 4085 азаматтық іс қарастырылып, 3037 сот шешімі шықты. Сондай-ақ, біздің мамандар екі тарапты бітімге шақыруды жемісті жүзеге асырып келеді. Осылайша 192 іс бойынша азаматтар өзара келісімге келіп,  дау шешімін тапқан.

Аталмыш медиация тетігі дауласқан тараптардың екеуіне де ортақ шешім ұсынып, істі сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік ұсынады. Бұл да қазақстандық сот жүйесінің ел азаматтарының мүддесіне бағытталғанын аңғартады. Ал, Жолдау жүктеген жаңа міндеттер сот жүйесіндегі әділдік таразысын бекемдей түспек.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ.  РҮСТЕМ ЕРМЕКОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫ
18:47, 28 қаңтар 2020
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘРДЕМАҚЫ
Толығырақ...
ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ
18:47, 28 қаңтар 2020
ШЕТЕЛДІК АВТОКӨЛІКТЕР ҮШІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІР БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ
16:34, 28 қаңтар 2020
ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «БІЗ БІРГЕМІЗ» ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ҚАТЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

16:16, 24 қаңтар 2020
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
Толығырақ...
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
18:01, 27 қаңтар 2020
КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
18:29, 24 қаңтар 2020
АБАЙ-ҚАРАПАЙЫМ ЕҢБЕК АДАМДАРЫНЫҢ КӨЗІМЕН...
Толығырақ...