ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ ҚҰРЫЛАДЫ

18:19, 18 қыркүйек 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру керек екендігін айтқан болатын. Енді бұл міндет жүзеге асырылуда. Бұл жөнінде облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті өткізген брифинг барысында мәлім болды.    

Президенттік жастар кадрлық резервіне құжаттарды қабылдау 1 қыркүйекте басталды. Оның шартына сәйкес үміткерлер отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі және бес жылдық еңбек өтілі бар Қазақстанның азаматы болуы тиіс. Бұл бастама Президенттік аппарат қатарының жас мамандармен толғуына жасалып отырған зор мүмкіндік.

РАЙХАН БРАТАЕВА,  ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Қазіргі уақытта өз саласында белгілі бір жетістіктері бар, үйренуге, аянбай еңбек етуге жаны құмар, жаңашыл, бастамашыл, мемлекетіміздің өркендей түсуіне өз үлесімді қосамын деген қазақстандық жастар үшін президенттік резервке тұрып, жоғары мемлекеттік және басқару лауазымдарына тағайындау мүмкіндігі туып отыр.

Резервке қабылдану үшін алдымен үміткерлер қабілеттерді тестілеу, эссе жазу, сараптамалық комиссия мүшелерімен сұхбаттасу сынды бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтуі тиіс. Осы сыннан мүдірмей өткен азаматтың белгілі бір қызметтерге тағайындалуына мүмкіндігі бар.  

 БЕЛЛА ГАЗДИЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Менің ойымша, бұл талантты, патриотты, жігерлі жастар үшін үлкен мүмкіндік. Олар басқарушылық қызметтерге орналасу арқылы өз ойларын, санасында жүрген өзгерістерді  жүзеге асырып, еліміздің көркендеуіне үлестерін қоса алады. 

 Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері бағалау кезеңінің ашық әрі объективті түрде өтетінін атап айтты. Яғни,  үміткерлер есімі сарапшылар үшін онлайн-цифрланған түрде берілетін болады.       

ТҰМАРЫМ БАБАСАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...