ПРОБАЦИЯ ҮЙІ ҚОҒАМҒА БЕЙІМДЕЙД

Көкшетаудағы Пробация Үйі Әуезов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп тұр.

21:54, 10 тамыз 2017   115

Көкшетаудағы Пробация Үйі Әуезов көшесіндегі халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп тұр. Бұл облыс орталығында жалғыз пробация орталығы. Ол осыдан екі ай бұрын ашылған. Содан бері 15-ке жуық жазасын өтеп шыққан азамат орталықтың қызметіне жүгінген. Олар жұмысқа орналасу, білім алу, медициналық көмек, құжаттарын рәсімдеу сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелермен келеді. Орталық қызметкерлері олардың мәселелерін шешу үшін тиісті органдарға жолдама жібереді.

Пробация қызметінің мамандары халыққа қызмет көрсету орталығында кесте бойынша аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері жұмыс істейді. Ол негізі жазасын өтеп шыққан, шартты түрде сотталған, бас бостандығынан шектелген және бостандыққа шығуына 1 жыл қалған азаматтарға көмек көрсетеді. Мамандардың айтуынша, пробация үйі өзінің тиімділігін беруде. Ол сотталғандардың қоғамға тез бейімделіп, өз орнын табуға септігін тигізеді.

Ақмола облыстық прокуратурасы аудандардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында да пробация үйін ашуды қолға алмақ. Қазірдің өзінде Шортанды, Ақкөл аудандарында пробация үйі жұмысын бастайды деп жоспарлануда.

Нұргүл Нұрбайқызы

«Қазақстан-Көкшетау» телеарнасының ресми сайты

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Куйбышев көшесі, 19 үй Байланыс телефондары: 8 (716 2) 40-13-75