ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ОТАНДЫҚ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ АРТУДА Толығырақ

PROTECT КӘСІП ҮШІН ТИІМДІ!

15:54, 6 ақпан 2020

ДИКТОР: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтың өкілдері бизнесті қорғауға қатысты ауқымды жұмыстарды қолға алуда. "Антикор орталығы" сервистік орталығының алаңында өңір кәсіпкерлерімен іскерлік кездесу өтті. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы 4   келісімге қол қойылды.

РКС: Қазақстанда  «Протектинг бизнес энд инстветмент»  жобасы аясында 400-ден астам жоба сүйемелденуде. Бұл дегеніміз, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство әкімшілік кедергілерден зардап шеккен кәсіпкерлерді қорғау жауапкершілігін өз мойнына  алады. Кәсіпкерлер   тарапынан  тек екі шартты сақтау  талап етіледі: адал еңбек және салықты уақытылы төлеу.

СНХ: АРМАН БЕРДАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА  ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ / Біз еліміз бойынша 12 триллион теңгеге 400-ге жуық инвестжобаны қорғауға алдық. Ақмола облысы бойынша келісімге әзірше 35 компания қол қойды, бірақ жыл соңына дейін олардың саны  жүз және одан да жоғары болады деп есептеймін.

РКС: Кезекті кездесу барысында 4 келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, кәсіптік ортада ақпараттық жұмыс жалғасатын болады. Ең бастысы  кәсіпкерлер мүдделері тиісті деңгейде қорғалып жатқанын білулері тиіс.

СНХ: МҰРАТ ТӨЛЕУБАЕВ,   ОБЛЫСТЫҚ  ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ/// Егер сіз өз ісіңізді кеңейтіп, белгілі бір ортада кедергі келтірілсе, онда біздің қызметімізге жүгіне аласыз.  Өтінішіңіз жазбаша немесе ауызша болуы шарт. Бізд істің мән-жайын тексеріп, тиісті шаралар қабылдайтын боламыз.

РКС: Естеріңізге сала кетейік, бірнеше елдің елшілігі өз кәсіптерін қорғаудың тиімді жолын іздеу барысында жемқорлыққа қарсы ведомство басшылығына жүгінген болатын. Болашақта жоба бойынша қолдау көрсетілетін компаниялар арнайы растау белгілерін орнататын болады.

Балауса Жақсыбай,  Мадина Смагулова, Василий Вережников, Кокше акпарат.

Тақырып бойынша материалдар

21:17, 28 мамыр 2020
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫС АЗАЙМАЙ ОТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
13:17, 22 мамыр 2020
«БАСТАУ БИЗНЕС» . ПОСТУПИЛО БОЛЕЕ 300 ЗАЯВОК
Толығырақ...