ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы мен «Kokshe» телеарнасының маусымашар салтанаты

20:20, 14 қыркүйек 2018

РКС: «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы құрамына 4 республикалық телеарна, 4 радио мен аймақтық 14 филиал кіреді. Яғни, алып медиа құрылым. Қазір жауапты сәт. Өйткені жаңа телевизиялық маусым бастау алды. Бүгін қос арна көрерменін жинап, салтанатты кеште жаңа жобаларын таныстырды.  Тұсау кесер рәсімінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөккеева аймақ басшысы Мәлік Мырзалиннің құттықтауын жеткізіп, ақпарат саласында тер төгіп жүрген телеарна ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

СНХ:  ГҮЛЖАНАР ШӨКЕЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ //   Қазақстан ұлттық арнасы және "Көкше" телеарнасының тұсау кесер рәсімінің куәсі болып отырмыз.Ақмола облысы Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің атынан жаңа маусымның басталуымен құттықтаймын.Облыс телеарнасы бүгінгі таңда өз көрермендеріне арналған қуатты жаңалық,аймақтағы Мемлекеттегі саясаттың көш басшысы болып отыр.Жуырда бәрімізге мәлім қазақ телеведениясы өзінің 60 жылдығын атап өтті.

РКС:   «Қазақстан» Республикалық телерадио корпарациясы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Асқар Нұрымжанов Ұлттық арнаның бүгінгі жетістіктері және күзгі телевизиялық маусымдағы жаңа жобаларымен таныстырды. Тың туындылар көрермен көңілінен шығатынына сенім білдірді. Айтпақшы, 1 қыркүйектен бастап «Тамаша ТВ» телеарнасы өз жұмысын бастап,  жаңа туындылар көрерменге жол тартты.

СНХ: АСҚАР НҰРЫМЖАНОВ,  "QAZAQSTAN" РТРК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ,  /// Биылғы жыл қазақ телевизиясы үшін ерекше жыл. Биыл қазақ даласына телевизия сигналының тарағанына 60 жыл өтті. 60 жылдан бері Ұлттық арна сіздердің үйлеріңіздің төріндегі теледидар арқылы елдегі жаңалықтармен таныстырып ,руханияттың жаршысы болып келеді. Баршаңызды 60 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын.

РКС: Оқушылардың  сыңғырлаған қоңырауымен  ілесіп телеарна маусымынның ашылуы да дәстүрге айналған. Себебі дәл осы кезде телевизиялық журналистер тың туындыларын көрермендерге ұсынады. Бұл әлемдік телевизия саласындағы жазылмаған ереже. «Көкше» телеарнасы жаңа маусымда көрермендерін телевизиялық тың жобаларымен қуантпақ. Біз эфирді жаңаша жандандырып, бірнеше бағдарлама ұсынып отырмыз.

СНХ: ӘЛІБЕК ТАТАНОВ, "QAZAQSTAN" РТРК» АҚ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ ///  Бүгін Қазақстан ұлттық арнасы және өңірлік тележурналистика үшін есте қалар маңызды күн.Жаңа телевизиялық маусымның ашылуы телеарнаның дамуына тың серпін бермек. 2019 жылы телеарна өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтпекші.Бүгінгі таңда мерейлі датаға  дайындық басталып кетті.Өңірлік телевизия өміріндегі маңызды сәттер,тарихи қадамдар,ілкімді істерді тізіп кітап бетіне түсіруді де жоспарлап отырмыз.

РКС:  Өз кезегінде «Көкше» телеарнасының көрмендерге айтары мол. Әр бағдарламаны қалт жібермей көретін қырағы көзді  көрермендер бұл маусымды асыға күтіп жүргендерін жасырмады.

СНХ:ЗЕРЕ ҚИЫҚОВА,  КӨРЕРМЕН /// Біріншіден көрермен ретінде,осы қаланың тұрғыны ретінде бірнеше жаңа бағдарламаларды білемін.Содан үлкен мағлұмат аламын.Осы ұжымға үлкен табыс тілеймін.

РКС:  Жаңа эфирлік безендірулер мен көздің жауын алатын көркем дүниелер көрмерменге арналады. Әсем ән, сырлы сұхбат, көтеренкі көңіл күй. Елдің жетістіктері мен жағымды жаңалықты сіздерге дер кезінде жеткізіп, қырағы көрерменнің жоғары бағасын алу «Көкше» теларнасының абыройлы міндеті.   

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ӨМІРЖАН КӨПЕЙ, КӨКШЕ АҚПАРАт

Тақырып бойынша материалдар

 «THE NOMADS» КОМПАНИЯСЫ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІНЕН РЕАЛИТИ-ШОУ ТҮСІРДІ
15:02, 25 қыркүйек 2018
«THE NOMADS» КОМПАНИЯСЫ КӨШПЕНДІЛЕР ӨМІРІНЕН РЕАЛИТИ-ШОУ ТҮ...
Толығырақ...
 «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ӨҢІРДЕ 117 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
15:02, 25 қыркүйек 2018
«ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ. ӨҢІРДЕ 117 ЖОБА ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар