ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

РАМАЗАН АЙЫНДАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

19:39, 6 мамыр 2020

 

ДК: «Ауыл» партиясының өкілдері мен жеке кәсіпкерлер бірлесіп, он екі айдың сұлтаны қасиетті Разаман айында қайырымдылық шарасын өткізуде. Мейірімді жандар игілікті іс барысында 500 отбасына азық-түлік қорабын табыс етті. Таяу күндері тағы 500 отбасына әлеуметтік қоржын жеткізуді жоспарланып отыр.

РКС: Азық-түлік тауарларынан тұратын қайырымдылық жәшігі шаруашылықтың қырман басында қызмет етіп жүрген Шолпан Аяпбергеноваға да табысталды. Ол жұмысшылар қауымы атынан жүрегі жомарт жандарға ризашылық сезімін жеткізді.

СНХ: ШОЛПАН АЯПБЕРГЕНОВА, ЖҰМЫСШЫ /// Рахмет айтамыз. Міне көмек алып отырмыз. Барлығының атынан рахмет сіздерге ризамыз. Қораптың ішінде шәй, макарон, сұйық май, гречка, күріш бар екен. ///

РКС: Оразаның алғашқы күндері аймақтағы 500 отбасына дәл осындай азық-түлік салынған әлеуметтік қоржын таратылған. Қайырымдылық шарасынан өңірдегі ірі шаруа қожалығын басқарып отырған қалталы азаматтар да аянып қалмауда. Қазірдің өзінде  Егіндікөл, Атбасар аудандарына қарасты ауылдар мен Бауманское елдімекенінде  450 ге жуық отбасы қамтылған.

СНХ: ЕРНАР ӘЛІМБЕТОВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ СЕРІКТЕСТІГІ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ /// қазақша ///  Мына Ораза айтының уақытында жеке шаруашылық серіктестігі мұқтаж адамдарға көмегін көрсетіп жатыр Ауыл партиясымен бірігіп. 150 отбасыға тегін  таратылып жатыр. ///

РКС:  Ауыл – халық руханиятының діңгегі, мәдениетінің мәйегі, елдігінің бастауы. Қазіргідей төтенше жағдай кезеңінде шалғайдағы ауылдардың тұрғындары мен көпбалалы отбасыларына қол ұшын созу, оларға материалдық және моральдық тұрғыдан едәуір көмек болады, -дейді ұйымдастырушылар.  

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...