ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР ӨҢІРДІ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖАСАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ

18:54, 10 қазан 2018

РКС: Ресейлік ғалымдар стартегиялық құжатты әзірлеуді бастап та кетті. Қазіргі таңда, олар өңірдің экономикасымен танысуда. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин делегациямен кездесу барысында ресейлік әріптестермен серіктестік орнату әрдайым өз жемісін беріп келгенін әрі олардың көмегімен әзірленетін стратегия Ақмола облысының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

СНХ: МӘЛІК МЫРЗАЛИН, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ \\\ Ақмола өңірін дамытатын бағдарламаны әзірлеуге дайын екендеріңізді білдірдіңіздер. Ресей елінде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге танымал Академияны сіздер ұзақ жылдар бойы басқарып келе жатқандарыңызды ескере отырып, сіздердің ғылыми әлеуеттеріңіз біздің өңіріміздің дамуына көмектесері сөзсіз. Әсіресе, Мемлекет басшысының біздің алдымызға қойып отырған талаптарын орындау барысында бұл стартегияны іске асыру маңызды. Бағдарламаның мақсаты халықтың әл-ауқатын көтеріп, өмір сүру сапасын жақсарту.   

РКС: Өз кезегінде, экономист-ғалымдар ұсынылған 20 бағытты саралап, ең маңыздысын алғы шарт етіп алуды міндет етіп отыр. Себебі, Ақмола аймағында дамытуды қажет ететін бірнеше бағыт бар. Ғалымдар стартегияны әзірлеудің өз әдістемесін ұсынды. Енді, 2019 жылдың қаңтар айында облыс активіне құжаттың әзір бекітілмеген нұсқасы ұсынылып, ақмолалық басшылардың пікірін ескерумен түзетулер енгізілетін болады. Дамыту жоспарының ақырғы нұсқасы тек келесі жылдың сәуір-мамыр айларында таныстырылмақ.  

СНХ: АБЕЛ АГАНБЕГЯН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ  ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  КАФЕДРА МЕҢГЕРУШІСІ \\\ Өңір басшылығы мен халықтың көңілінен шығатын сіздердің стратегияларыңыз бұл. Қысқаша атап өтер болсам, облыс алдында 3 міндет тұр. Біріншісі, Республиканың дамуына үлес қосу. Ол үшін сіздерде барлық жағдай жасалған. Сіздерде бүкіл Қазақстан алтынының жартысы бар. Оларды өңдеу керек. Сондай-ақ, сіздер экспортқа дәнді әрі майлы дақылдарды шығарып отырған бірегей аймақ болып табыласыздар. Екіншіден, сіздердің өңірлеріңіз Астана аумағының маңында орналасқан. Үшіншіден, сіздерге тек ауыл шаруашылық саласындағы өндірістірдің жұмысын қарқындату қажет.

РКС: 20 бағыттың қатарында адами капиталды дамыту, денсаулық сақтау және халықтың әл-ауқатын арттыру, құрылыс кешені мен көлік-логистикалық жүйені дамыту бар. Атап өтерлігі, ресейлік ғалымдардың көмегімен әзірленетін бұл құжат Қазақстанда алғаш әзірленіп отырған жоқ. Қызылорда облысында әзірленген осы сынды бағдарлама тиісті нәтижесін беріп келуде.

АЙГҮЛ БЕКЕТҚЫЗЫ, ЮРИЙ ОБЕРДИЕНКО

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...