ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНГЕН БІЛІМ ОШАҒЫ

19:18, 14 қаңтар 2021

ДК: Былтыр елдегі төтенше жағдайға байланысты барлық орта арнаулы және жоғары оқу орындары қашықтан оқыту жүйесіне көшкен еді. Осыған орай, онлайн платформалар әзірленді. Қашықтан оқыту жүйесі бойынша осы платформаларды жетік меңгерген  білім  ошағын анықтау мақсатында қазанның 2-сі мен қарашаның 5-і аралығында “Үздік Online Mektep –2020” республикалық байқауы ұйымдастырылды. Ақмола облысы бойынша   Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі үздік атанды.

РКС: Бұл мектепте 321 оқушы білім алады. 35 мұғалім ұстаздық ететін оқу орны өздерінен әлдеқайда көлемді білім ошақтарынан озық шығамыз деп ойлаған жоқ. Десе де, байқауға қатыспас бұрын бұл платформаларды игеріп үлгерген лицейге конкурстың талаптарынан өту қиынға соқпаған.

СНХ: МАРАЛ ШӘМЕНОВА, КӨКШЕТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙ-МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ///қаз///Бұл жерде ең басты критерий – осы біздің лицейде қаншалықты қашықтан оқуға жағдай жасалып жатыр, балалардың білім сапасын арттыруда қандай жұмыстар атқарылып жатыр, соның бәрін әлеуметтік желіде жариялап отыру. Бір ай бойы бақылауға алындық. Статистика жүргізілді. Біздің тағы да бір жеңісіміз  республикалық байқауда «Ең үздік лицей» атандық. Бұл жерде лицейде балалармен қаншалықты жұмыс жасалып жатыр, мұғалімдердің қаншалықты осы форумдағы конференцияға қатысып, деңгейінің қаншалықты жоғары екендігі сарапталды.

РКС: Сондай-ақ, былтыр республикалық пән олимпидаларынан лицейдің бірнеше оқушысы жеңімпаз атанған. Бір емес, бірнеше жобалардан көш бастаған лицей өз жеңісін Қазақстанның Тәуелсіздігіне арнаймыз дейді.

СНХ: ЕЛЕНА ЮРКО, КӨКШЕТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙ-МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///аударма/// Биылғы жыл біздің лицей үшін мерейтой. Біз Тәуелсіздіктің  құрдасымыз. Биыл өткізілетін барлық іс-шараларды осы мерейтойдың аясында ұйымдастырамыз. Бұл байқауды ұйымдастырушылар платформаларға кіру жиілігін, балалардың санына, қанша процент жүктегенін,  қаншалықты платформаның материалдырын жиі қолданғанын ескерген. Осы байқаудан «Bilimland» және «Онлайн мектеп» платформаларының барлық материалдары жүктелген  тач панелін ұтып алдық. Әрине, бұл ұтыс біздің білім-тәрбие беру процесінде айырықша орын алады.

РКС: Айта кетейік, аталмыш лицейде білім алатын оқушылардың барлығы компьютер жабдықтарымен қамтылған. Білім алушылардың сабаққа қатысуына қолайлы жағдай жасалып отыр,-дейді мектеп басшылығы.

ТІЛЕК ҚАЙЫРЖАН,  АЗАМАТ БЕКМАҒАНБЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...