ШҰҒЫЛ! ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ КҮРЕС Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСТАР БІЛІМ ЛАГЕРІНІҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

13:08, 11 шілде 2019

РКС: Еліміздің 14 облысы мен республикалық маңыздағы 3 қаласынан келген 200-ге жуық жас түрлі салада табысқа кенелген танымал тұлғалардан дәріс алып, кейін топ-топқа бөлініп, өздерінің бизнес идеяларын ұсынды. Белсенді жастар барлығы 36 жоба қорғады, ақтық сынға тек үздік деген 12-сі өтті. Олардың бірі «экологиялық биоотын» тақырыбындағы Шығыс Қазақстан облысынан келген жастардың жобасы. Семейлік жастар байқауда екінші жүлделі орыннан көрініп, 750 мың теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды.

СНХ: ӘЙГЕРІМ ЖОЛБАРЫСОВА, ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІӨзіміздің креативті тұрғыда жетілуімізге, үлкен бизнесмендерден кеңес алуымызға мол мүмкіндік жасалды. Осы «Зерен» байқауында бизнес жобамызды қорғап жатырмыз. Бұл жобада жеріміздегі қалдықтар бар, ағаш, өсімдік қалдықтары, соны іске жаратып, пайдалану арқылы экологиялық таза, газ бөлінбейтін, үнемді отын өндіріп алу болып табылады. Өте сұранысқа ие болады деп ойлаймын.

РКС: «Зерен -2019» жазғы лагерінің жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, белсенді де, білімді, шығармашыл жастармен сұхбаттасты. Белді мемлекет және қоғам қайраткері ел дамуында жастардың маңызды рөл атқаратынын айтып, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларды тілге тиек етті.

СНХ: ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Жалпы 89 іс-шара биыл жүргізілетін болса, соның бірі осы «Зерен» лагерінде жастардың жобалары көрсетіліп жатыр. жалпы, жастардың көңілдері жоғары, жақсы идеялар, жақсы жобалар бар, интеллектуалды идеялар бар. Әрі қарай дамыту үшін бізде «Жас кәсіпкер» деген бағдарлама бар. 500 мың грант алуға болады. Сондықтан, жағдайлар жасалған, осындай гранттар 9 мыңға жуық жасқа бөлінеді.

РКС: Ауылшаруашылығы саласында жобаларын сәтті қорғағандардың бірі қызылордалық «Ред Орда» командасы болды. Олар жүлделі бірінші орыннан көрініп, 1,5 миллион теңге көлемінде қаржылай қолдауға ие болды. Сонымен қатар демеушілер тарапынан бөлінген 1 миллион теңгенің сертификатын иеленді.

СНХ: НҰРЖАН АМАНДЫҚ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ӨКІЛІ  Біз Қызылорда облысынан келген болатынбыз. Төртеуіміз де Қызылорда облысының тұрғындарымыз. Жоба жазар кезде бәріміз де ақылдастық. Өзіміздің Қызылордада жүзеге асырылып жатқан жоңышқа табиғи тыңайтқыш болғандықтан, осыны жоқ нәрсені ойлап тапқаннан гөрі, бар нәрсені дамыту керек деп ойлаймын. Жоңышқаны жоба ретінде алдық. Жоңышқаны егу арқылы біз жерді тыңайтамыз және ауылшаруашылығына қажетті азықтың көлемін нығайтамыз.

РКС: Жазғы білім лагерінің алғашқы ауысымының жүлде қоры 5 миллион теңге болса, олар бірінші екінші және үшінші орын иегерлеріне бөліп берілді. Демеушілер тарапынан арнайы сыйлықтарға ие болғандар да болды.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ.

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЦИФРЛАНДЫРЫЛҒАН ЗЕРТХАНА
Толығырақ...
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
14:38, 19 шілде 2019
«ОҚЖЕТПЕС» БАЛАЛАР ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖЕҢ...
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
14:38, 19 шілде 2019
ЕЛБАСЫ БАСТАМАЛАРЫ. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰРПАҚ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
19:12, 12 шілде 2019
ҰЗЫНДЫҒЫ 16 МЫҢ МЕТР ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГІЛУДЕ
Толығырақ...