ШҰҒЫЛ! БАБАЛАР САЛҒАН САРА ЖОЛ... Толығырақ

«РОМЕО ЖӘНЕ ДЖУЛЬЕТТА» - КӨКШЕ ТЕАТРЫНЫҢ САХНАСЫНДА!

19:37, 16 сәуір 2018

РКС: Театр ұжымы трагедиялық шығарманы сахналауға 1 жарым ай уақыт дайындалған. Қойылымға 12 актер қатыстырылды. Қоюшы режиссері – Дина Жұмабай. Режиссер Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы драма театрынан арнайы шақыртылыпты. Бір ерекшелігі, әлемдік деңгейдегі шығарманы сахналауға театр ұжымы жаңа көзқараспен келген. Туындының мазмұны толық сақталады.Тек режиссер өзіндік ойын, шығармашылық ізденісін қосып, тартымды қойылым жасауға талпыныс білдірген.

СНХ: ФАРХАТБЕК ҚАНАФИН, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР///(КАЗ)/// Қойылым жаңа бағытта. Өздеріңіз қарап, бағасын бересіздер. Басты рөлдерде біздің театрымыздың жас актерлері ойнайды. Одан басқа, біздің актерлеріміз бірнеше рөлдерде ойнайды. +Қойылымға бір айдай уақыт жұмсалды. Мұндай режиссердің өз шешімдері бар.

РКС: Қойылымда Ромео мен Джульеттаның бір-біріне деген ғашықтық сезімі, олардың қосылуына қарсылық танытқан екі әулеттің арасындағы өшпенділік көрсетіледі. Ғашықтардың қосылам деген ниеттері қайғымен аяқталады. Жалпы, шығарманың басты мақсаты – адамдарды менменшілдік, өркөкіректік сияқты қасиеттерден алыс болуға шақыру. Қойылымды тамашауға келген өнер майталмандары театр ұжымының еңбегін жоғары бағалауда.

СНХ: ГҮЛМИРА ЖАКИЛИНА, АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ҒАСЫР» ТЕАТРЫНЫҢ АКТРИСАСЫ (КАЗ) // Мен үшін бұл театрдың орны бөлек. Театр әр уақытта ізденіс үстінде. Бір орнында қалмайды. Жан-жақтан режиссерлар шақырып, солармен еңбек етеді. Мұнда өте мықты-мықты актерлар жұмыс жасайды. Бүгінгі қойылымнан өте ерекше көңіл-күйде шығып отырмын.  Көңілімнен өте шықты.

РКС: Қойылым 1,5 сағатқа созылды. Трагедиялық шығарманың келесі көрсетілімі 29-шы сәуірде өтеді. Атап өтетіні, бұл туынды театр ұжымының репертуарындағы 100-ден астам шығарманың қатарына қосылды.

Нұргүл Нұрбайқызы

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
15:12, 18 қазан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ТУҒАН ЖЕРІҢ – ТҰҒЫРЫҢ!
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
15:12, 18 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. БІЛІМ САПАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРҒА
Толығырақ...
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
15:12, 18 қазан 2018
ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БЕС БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
17:58, 12 қазан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ӨҢІРДЕГІ ӨРЕЛІ ІСТЕР ҮРДІСІ
Толығырақ...