ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

РОЖДЕСТВО ҚАРСАҢЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ

16:00, 8 қаңтар 2020

 


Рождество қарсаңындағы кермек кофенің дәмі. Облыстық филармонияда өткен биылғы жылдың алғашқы музыкалық кофеханасы Рождество мерекесіне арналды.  Өнерсүйер қауым  симфониялық  және  камералық   оркестр мен хор  үніне құлақ түріп, рухани азық алып қайтты.

Православиелік христиандар 7 қаңтар күні Иса пайғамбардың туған күнін, яғни Рождество мерекесін тойлайды. Әр ай сайын музыкалық кофехананы дәстүрлі түрде ұйымдастыратын филармония кезекті кешті осы діни мейрамға арнады. Әлемге танымал музыкалық туындылар орындалды. Мұндай шаралар тыңдарманға рухани азық сыйлап, жан-жақты дамуына ықпал етеді, - дейді филармония ұжымы.

ЖАНАТ РАШИТ, КАМЕРАЛЫҚ ОРКЕСТРДІҢ ДИРИЖЕРІ

Кофеханаға адамдар ауыр жұмыс күнінен соң демалсақ  деп  келеді.  Және әр ай сайын біздің тыңдармандарымыздың да саны артуда. Тұрақты тыңдармандарымыз да жетерлік. Лекторымыз Юлия Александровна.  Кофеханада оның оқыған әр лекциясын мұқият тыңдап,  жазып алатындар да бар.

Бұл -  биылғы жылдың алғашқы кофеханасы. Ерекшелігі – оған симфониялық және камералық оркестр, хор ұжымы, «Гәкку» би ансамбльдерінен бөлек, балалар музыкалық мектебінің  оқушылары де қатысуға  ниет білдіріпті. Кәсіби опера әншілерінен  кем  түспейтін  Мария  Кокорева мен Айым  Мукитиновалардың  өнеріне жиылған жұрт тәнті болды.

Концерт залы бұл күні  көкшетаулық христиан дінін ұстанушыларға  толы  болды.

ДМИТРИЙ БРОНИКОВ, КӨРЕРМЕН

Отбасымызбен Рождестволық музыкалық  кофехананы тамашалуға келдік.  Бәрі ұнады. Танымал  туындыларды тыңдадық. Біздің  филармония  ұжымының осындай кешті дәстүрлі түрде ұйымдастыратынына ризамыз. Және мұнда жиі келіп тұрамыз.

Музыкалық кофехана тыңдарман арасында кеңінен танылуда. Мәселен өткен жылы католиктік Рождество мерекесі қарсаңында жергілікті неміс қоғамы айтулы шараны өткізуге ұсыныс білдірген. Осылайша  рухани мейрам құлақтан кіріп, бойды алатын әсем әнмен әрленді.

АЙГҮЛ  МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, ДАРХАН САҒЫН, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...