ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ Толығырақ

«РУХАНИ ҚАЗЫНА». БУРАБАЙ МУЗЕЙІ ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

18:25, 16 мамыр 2018

РКС: Бурабай кентінің тарихы музейі Абылайханның 280-жылдық мерейтойына орай 1999 жылы ашылған болатын. Енді міне, 19 жылдан соң  «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында жаңартылып отыр. Бурабай сияқты әсем де, киелі өңірдің мәдениетін, тарихын және этнографиясын көрсететін нысан бүгінде «Бурабай Даму» Визит-орталығында орналасқан. Музейдің ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Мәлік Мырзалин рухани орданың курортты аймақ үшін маңызы зор екендігін тілге тиек етіп, Бурабай өңірінің тарихи ірі тұлғаларын насихаттау бойынша жұмысты әрі қарай жалғастыру қажеттігін тапсырды.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ   ///Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бурабай кентінің тарихи-өлкетану музейі ашылды. Жалпы қаражат 32 миллион теңге ақша бөлінді, реэкспозиция және реконструкция жасауға Қазақстанның көрнекті музейологы Алмас Жансүгіровты шақырдық. Сол кісілер жасап берді. ///

РКС: Жаңартылып, қайта ашылған музейде сенсорлық дүң­гіршектер, LED-экрандар, мо­ноблоктар орнатылған. Яғни, музей барынша инновациялық технологиялармен жарақталған. Бұл келушілерге өңірдің тарихымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Қазірде мұнда өңірдің ерте заман мен қазіргі тарихи кезеңдерін бейнелейтін үш зал қызмет көрсетеді. Тарих және этнография залдарымен қоса мұнда Бурабай зерттеушілері залы бар. Онда өңірдің тарихы мен табиғатын зерттеуге елеулі үлес қосқан академиктер мен зерттеушілердің өмір тарихынан материалдар топтастырылған.

Бурабай кентінің тарихи музейінің негізін жергілікті өлкетанушы Әмина Тұрсынбаева 1988-ші жылы қалаған екен. Мамандығы бойынша тарихшы мұғалім өңірдің бай тарихымен жас ұрпақты таныстыру мақсатында жәдігерлер  жинастырып, шағын мұражай ашқан. Музейді қайта ашылу салтанатына оның қызы Шәмшия Есқара қатысты.

СНХ: ШӘМШИЯ ЕСҚАРА, БУРАБАЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ///ҚАЗ.Жүрек деген дүрсілдеп қуанып тұр. Біздің әкімшілікке бәріне ризамын. Әмина апайдың орындалмай қалғанын мақсатына бүгін жетіп, Әмина апайдың жинаған музейдің есігі ашылып, кішкене толқып тұрмын. Мұндай бола ма, болмай ма деген пікір де болатын. Музей жарқырап тұр. Әрбір заты, өзінің әкеліп жинаған заты, мен оның шоферы болатынмын. Машина айдайтынмын. Совхоздарды аралап, музейге зат жинайтынбыз. ///

РКС: Бурабай кентінің тарихы музейі бүгінде туристерге де қызмет көрсетуге әбден дайын. Мұнда Бурабай тарихы туралы интерактивтік оқулар өткізіліп, тарихи-танымдық фильмдер көрсетілетін болады.

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
22:42, 17 тамыз 2018
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНА САПАРЫ
Толығырақ...
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
19:05, 17 тамыз 2018
ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар