ШҰҒЫЛ! COVID-19: 5 БАЛА АУРУХАНАДА ЖАТЫР Толығырақ

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕКЕНІ

18:03, 18 мамыр 2020

 

ДИКТОР:   Жақсы ауданының тұрғындары  «Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне енген жерлестерін мақтан етеді. «Туған жер» бағдарламасы сынды бұл арнайы жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртудың жалғасы іспетті.  Қазір ауданда  оның негізгі аспектілерін жүзеге асыруға қатысты жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік нысандар құрылысы, өңірдің елдімекендерінде үлгілі кітапханалар ашу, киелі орындарды насихаттау ісі жандана түскен. Ең бастысы әр жоба ауданның әлеуетін арттырып, жаңа есімдерді танытуға мүмкіндік береді.

РКС: Биыл  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына  3 жыл. Оны жүзеге асыру аясында өңірде алғашқылардың бірі болып  аудандық орта мектепте «Рухани жаңғыру» кабинеті ашылды. «Туған  жер»  арнайы  жобасы аясында  Жаңа-Қима, Запорожское  және  Лозовое  ауылдарында  үлгілі  кітапханалар  пайда  болды.  Алдағы  уақытта Подгорное  елдімекенінде  де  ашылмақ. Бұдан бөлек «Қазақстанның  100  жаңа  есімі»  республикалық жобасының жеңімпаздары арасында Жақсы  ауданының  тұрғындары да бар.

СНХ: ЛӘЗЗАТ СЕЙДАХМЕТОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ/// РУС/ Осы бағдарлама қолға алынғалы бері біз бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Мысалы жерлестеріміз, бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан мен продюсер Айдие Айдарбеков «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы атанды. Киелі орындардың республикалық тізіміне Кенесары ханның үзеңгілесі, қазақтың батыры Баубектің кесенесі  енді. Сонымен бірге  осы кесененің ашылғанына 25 жыл толуын ауқымды түрде атап өттік. «Жақсының жақсысы – Баубек» атты кітап жарық көрді.

 

РКС: Қазіргі таңда Жақсы ауданында 80-нен артық шара өткізіліп, бірнеше жоба жүзеге асырылды. Соның бірі «Рухани қазына»  ішкі бағдарламасы аясындағы республикалық тізімге енген «Өнерлі қол – бақытқа жол» жобасы.

 

СНХ: БАҒДАГҮЛ НҰРЖАНОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ// ҚАЗ/  «Рухани жаңғыру». Осы екі сөз қарттың да, баланың да санасына серпіліс берді. Мен де осы бағдарламаның жүзеге асуына өз үлесімді қостым. Аудандық орталық кітапханада мен  «Өнерлі қол – бақытқа жол" жобасын жүзеге асырдым. Оның мақсаты – жастардың қолөнерге деген қызығушылығын арттырып, тігін шеберлерінің жұмысын дамыту.

 

РКС: Бұдан бөлек кәсіпкерлік секторының да қосқан үлесі зор. Жергілікті меценаттар ойын алаңдарын, мамандарға арналған үй, қоғамдық монша салуға көмектесуде. Сондай-ақ олар 2 млн теңгеге дейін қаржылай  демеушілік көрсеткен.  Кәсіпкерлер туған өлкенің гүлденуі үшін қайырымды шаралар легін әлі де жалғастыра бермек.

 

АЙГҮЛ МЫРЗАҒАЛИҚЫЗЫ, НҰРСҰЛТАН ИБРАЕВ, ӘСЕЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВА,  «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ  ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
17:58, 21 қазан 2020
АУЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
19:21, 14 қазан 2020
КОРОНАВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУҒА ДАЙЫНДЫҚ КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...