ШҰҒЫЛ! ДАУЫЛДЫҢ САЛДАРЫНАН БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ

17:45, 19 ақпан 2020

Ақмола облысында алдағы маусымға арналған жаңа туристік маршруттарды дамыту жұмыстары талқыланды. Оған тарихи орындар мен бірқатар нысандар енетін болады. Арнайы өткен брифингте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы жұмыстар туралы айтылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңірде «Көкшетау аңыздары», аймақтың қасиетті нысандары тізімі,  «Рухани Ақмола» арнайы журналының екі саны жарық көрген. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудың 3 жылы ішінде өңірде 6 мыңнан аса іс-шара, латын әліпбиін оқыту курстары ұйымдастырылған. Стадиондар мен әлеуметтік ғимараттар жөндеуден өткізілді. Өңірде сондай-ақ «KOKSHE FOLK FEST» фестивалін өткізу дәстүрге айналған. «Көкшетау аңыздары» журналының мың данасы жарық көріп, мұражайларға 799 дана жәдігер жеткізілген. «Смарт Ақмола» мобилді қосымшасы жасалынды. Сарапшылар бұл бағытта меценаттардың қосқан үлесі көп екендігін айтады.

САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

Меценаттардың еңбегі елеулі. «Жомарт жүрек» республикалық байқауында біздің екі жерлесіміз лауреат атанды. Олар Жарқайың, Атбасар аудандарының серіктестік жетекшілері./    

Рухани құндылықтарды насихаттау бағытында ақмолалықтар үшін өткен жыл жемісті болды. Домбыра күніне орай Көкшетауда еліміздегі ең үлкен домбыра ескерткіш орнатылды. Гиннестің рекордтар кітабына енген ең ұзын құрақ көрпе де Көкше жерінде дайындалды. Оның ұзындығы 11 мың 120 метрге жетті. Өңірде мектеп туризмі дамып келеді. Өткен жылы Ақмола облысы Ресейдің жас туристерін де қарсы алды. Жалпы алғанда жергілікті 10 мыңға жуық мектеп оқушысы киелі жерлерді аралап, тарихпен етене танысуға мүмкіндік алды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады,- деді сарапшылар.  

М.АЙБАБИНА, МАДИНА, СМАҒҰЛОВА, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
20:03, 8 сәуір 2020
ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Толығырақ...
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
20:01, 8 сәуір 2020
42500: АҚМОЛАЛЫҚТАР ҮШІН АРНАЙЫ ТЕЛЕГРАМ-БОТ ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
19:30, 3 сәуір 2020
КӨКШЕТАУЛЫҚТАР «ҮЙДЕ БОЛЫҢЫЗ!» ҰРАНЫНА ҮН ҚОСУДА
Толығырақ...
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
20:18, 6 сәуір 2020
БІРҚАТАР АУДАНДАРДА СУ ТАСУ ҚАУПІ БАСЫМ
Толығырақ...