ШҰҒЫЛ! ҰЛЫ ЖЕҢІС - ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. БІЛІМ – ТАБЫСТЫҢ КІЛТІ!

12:43, 16 мамыр 2018

РКС: Білімнің салтанат құруы. Ел Президентінің мақаласындағы маңызды тараулардың бірі осындай. Бүгінде экономикалық, ғылыми-техникалық және өндірістік салалар жылдам өзгеруде. Мұндай үрдіс болашақта кәсіби білікті мамандарға деген қажеттілікті арттыратыны анық. Сондықтан, қазіргі күні әрбір қазақстандықдың бойында ХХІ ғасыр талабына сай келетін қасиеттер болуы керек.

СНХ: ЕРКЕГҮЛ ДҮЙСЕНБАЙ, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (КАЗ) //  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында білім беру саласын дамытудың маңыздылығы ерекше айтылып өтілген. Менің ойымша, бұл бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Өйткені, қазіргідей заманда біз бәсекеге қабілетті, білімді жастарды дайындауға баса назар аударуымыз керек. Ол мектеп партасынан басталады.

РКС: Еліміз таяу жылдарда әдемдегі  дамыған мемлекеттің қатарына кіруді көздеп отыр. Жүрісі жылдам дәуірде әлем елдерімен теңесу үшін білікті мамандар мен білімді жастарды тәрибелеудің маңыздығы арта түседі. Сондықтан, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мақаласында еліміздің білім беру саласына жаңа мақсат-міндеттер қойды.

СНХ: ҚҰРАЛАЙ СӘДУАҚАСОВА, СӘКЕН ЖҮНІСОВ АТЫНДАҒЫ №18 ОРТА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ(КАЗ) // Бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті, патриот, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, сонымен қатар өзге елдердің озық тәжірибелерін меңгере алатын, ойлы, саналы ұрпақты тәрбиелеу – басты назарда. Осы бағытта Елбасының мақаласы өзінің тереңдігімен әрқайсымызға ой салады.  Біздің мектеп осы бағытта жұмыс істеуге атсалысуда.

РКС: Болашақта ұлттың табысты болуы адамдарының білімімен, бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Бұл – ел жастарының бойынан табылуы тиіс қасиеттер. Сол себепті, елімізде «Цифрлы Қазақстан» және «Үш тілде білім беру» бағдарламаларын жүзеге асырудың маңыздылығы арта түспек.

НҰРГҮЛ НҰРБАЙҚЫЗЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

 «ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
«ТРИУМФ» САУДА ҮЙІНДЕГІ ӨРТ АУЫЗДЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
14:19, 21 мамыр 2018
МЕРЕКЕ ТҰРАШОВ «АҚМОЛА БАРЫСЫ» АТАНДЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
14:19, 21 мамыр 2018
ӘЛЕУМЕТТІ ӘЛДЕНДІРУГЕ АРНАЛҒАН БАСТАМА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
18:21, 17 мамыр 2018
ЛАТЫН ӘЛІПБИІ. ТІЛ МӘРТЕБЕСІНІҢ ТҰҒЫРЫ
Толығырақ...
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
18:21, 17 мамыр 2018
БОЛАШАҚ АСПАЗДАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ
Толығырақ...