ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ». БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ БАСТЫ ОРЫНДА

18:36, 11 шілде 2018

РКС: Дамыған отыз елдің қатарына енуді мақсат еткен еліміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы арқылы ұлттық код, ұлттық сана деген ұғымдардың мәніне тереңірек үңіле түсуде. Экономика мен әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру бағытында бірқатар маңызды мәселелерді жүйелендіріп үлгерген Қазақ Елі ендігі жерде рухани сананы жаңғырту ісіне жете көңіл бөлуде.

СНХ: АРУЖАН МҰРАТБЕК,   НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ  ОҚУШЫСЫ  // Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «»Рухани жаңғыру» мақаласының мәні өте зор. «Бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы» деген бөлімдердің әрқайсысы жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беруде. Менің ойымша, бұл міндеттерге қолжеткізсек біздің еліміз өрлеудің тағы бір кезеңін сәтті бағындырған болып саналады.

 

РКС: Елбасы аталған мақалада білім мен тәрбиені ұтымды ұштастырудың да ұтқыр шешім екендігін алға тартты. Табысты болудың басты факторы – білім. Сондықтан да жастар басымдық беретін межелердің қатарында оқу ісінің әрдайым басты орында болуы шарт деп көрсетілген мақаланы зерделеуге студенттер де ерекше зейін қойып отыр. 

СНХ: АЙДОС ТІЛЕУЛІ, ҚАРАҒАНДЫ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Қазақстанның бүгінгі ақпараттар аламанындағы арпалыс пен жаһандану дәуіріндегі жанталаста ұлттық код, ұлттық дәстүр деген атадан балаға аманат етілген асыл ұстанымдарынан ажырап қалмауын көздеген «Рухани жаңғыру» мақаласы өте орынды, өте қажетті мәселелерді көтеріп отыр. Біз дамыған елдердің қатарына қосылған күннің өзінде де өз ұлттық болмысымызды сақтап қалуымыз шарт.

РКС:  Жарияланғандығына бір жылдан асқан аталмыш бағдарламалық мақаланы жүзеге асыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бір ғана біздің өңір бойынша да бірқатар ауқымды жобалар қолға алынған. Үздіксіз үрдіске айналған аталған бастама нәтижесінің де зор болатындығына сенім мол.

Ә. Қаматайқызы. З. Дүйсекеева

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар