ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – БОЛАШАҚТЫҢ НЫҚ ҚАЗЫҒЫ!

15:27, 12 ақпан 2019

РКС:Бағдарламалық мақалада  кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», «ұлттық код» сынды сөздердің жастар үшін маңызы зор. Себебі, болашақты жаңғырту үшін жастардың бойында қазақи тәрбие, руханият пен мәдениет болуы шарт. Айта кету керек, Елбасы мақаласы аясында Бурабай куроттық аймағындағы «Абылай хан» тарихи-экспозициялық мұражайына бірқатар жәдігерлер қойылған. Шет елдерден келген туристер қазақ халқының бай тарихын біліп, ата-бабаларымыздың қолданған баға жетпес құнды мұраларын аталмыш мұражайдын сөрелерінен көре алады.

СНХ: МӘДИНА БАЛАБЕК, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ///////  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы біздің өткенімізді ұмытпай, болашаққа дәріптеуімізге жол ашты десем қателеспегенім. Бурабай кентіндегі экспозициялық кешенінде Абылай бабамыздан бастау алған тарихымыздың астарын ұғындыратын бірқатар экспонаттар бар. Мұражай ұжымы тек туристермен ғана шектелмей, жәдігерлерді жастарға насихаттап, бойларына рухани азық беруде.

РКС:Рухани жаңғыру – бұл жай ғана ұран сөз емес. Яғни, тарихы тереңде жатқан бағдарлама мемлекеттің өсіп-өркендеуінің жаңа бір сатысы іспетті. Қазақстандықтар мақалада көтерілген тың өзгерістер елімізді жарқын болашаққа жетелейтініне кәміл сенімді. Көкшетаудағы домбыраны жанына серік етіп жүрген өнерпаздар да аталмыш бағдарламаны қолдап, өздерінің сүбелі үлестерін қосуда.

СНХ: АРЫСТАН НҰРТЫХАН, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ///Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді сақтауға және оны насихаттауға ықпал етеді. Сонымен қатар дәстүрлі ән мен қазақтың ұлттық аспаптарын да назардан тыс қалмаған жөн. Бұл бағдарламы қолдап жастар қауымы өз үлесін қосады.

РКС: Мақалада көрсетілген орындалу керек тапсырмалардың бәрі барша қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттер. Сондықтан, әрбір азамат құжатта көрсетілген міндеттер мен тапсырмалар негізінде қарқынды жұмыс жасаса, онда елдің ертеңінің де  баянды болары сөзсіз.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
19:42, 22 ақпан 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...