ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ЕЛСҮЙГІШТІК - РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАСТАУЫ

14:35, 10 қаңтар 2019

РКС: Рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама бүгінде бірталай іс-шаралардың ұйытқысы болуда. Төл тарихымызды сақтау, ұлттық құндылықтарымызды берік ұстану үшін, оны одан әрі дамыту үшін халқымыздың рухани жаңғыруы – болашаққа жасалған дұрыс бағыт. 

СНХ: АЙГЕРІМ АЙТБАЕВА, №17 ОРТА МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ//// Жаһандану кезінде  ұлттық тарихи құндылықтарымызды  сақтап, насихаттауымыз керек. Елбасы ұсынып отырған маңызды мақала еліміздің дамуы үшін маңызды болып табылады. Оның идеялары еліміздің барынша нығаюына септігін тигізері анық. Жалпы Рухани жаңғыру мақаласы  елдің дамуына, тарихи санамыздың жаңғыруына қосып жатқан үлесі ұшаң теңіз.

РКС: Елдегі тіл мәселесі, ұлттық рухымыз бен мәдениетімізді сақтап қалу, туған жерге деген патриоттық сезімді арттыра түсу бүгінгі таңда халыққа аса қажет рухани азық болмақ.

СНХ: ДИДАР ОРАЛБЕК, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ////  Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған латын қарпіне көшу үрдісі өте орынды  деп ойлаймын.  Менің ойымша, бұл өзгеріс елімізді жаңа бір белеске көтерері анық. Өйткені, латын әрпі көне Рим кезінде 7 ғасырда  пайда болған. Яғни бір ғасыр көлемінде  қалыптасып, орта азия елдеріне тараған. Кез келген мемлекеттің  байлығы  тілі мен тарихы екені рас. Сондықтан біздің елдің дәрежесін көтеретін де осы тарихымыз бен латын әліпбиі деп ойлаймын.  

РКС: Рухани жаңғыру – бұл мемлекеттің өсіп-өркендеуінің жаңа сатысы. Қазақстандықтар мақалада көтерілген тың өзгерістер елімізді жарқын болашаққа жетелейтініне кәміл сенімді.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар