ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ ЖАҢА ДӘУІРІ

14:11, 16 мамыр 2019

РКС:  Қоғамдық сананы қалыптастыру – ең күрделі мәселе. Болашақ қазақстандықтардың басты келбеті  - ол  бәсекеге қабілетті, жан-жақты  шығармашылық тұлға  болып қалыптасу. Сондықтан, бүгінгі күні сапалы  білім берудің маңызы зор. Ақмолалықтар  да аталмыш бағдарламаның  тек артықшылықтарын  ғана көруде.

СНХ: СӘЛИМА МАЙМЫШЕВА, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ //// «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының аясында елімізде, сонымен қатар біздің Зеренді ауданына қарасты Игілік ауылында түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп жатыр. Біз ата-бабаларымыздан қалған құнды мұраларды жастардың бойына сіңіруміз керек. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша біздің жастарымыз осыған лайықты деп танылған жерлестерімізді білетін болады. Сондай-ақ, өзіміздің ақындарымыз бен батырларымызды , тарихымызды тереңірек біліп, мақтанамыз.

РКС:  Туған жерге деген  адалдық,  оның мәдениетіне, әдет-ғұрып және салт-дәстүрлеріне құрметпен қарау шынайы патриотизмнің басты көрсеткіші болып табылады. Десе де, бүгінде тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де жұмыс жасау керек. Бұл тапсырманы Тұңғыш Президент- Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында ашып айтты. Бұл бүгінгі  күннің басты талабы.

СНХ: ДАНИЕЛЬ  ЖҰМАЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ «ҚАЗГИДРОМЕТ» МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ //// Мен бұл  бағдарламаны қолдаймын. Болашақта жастарға берері көп. Өскелең өрендер үшін де көптеген мүмкіндік жасалған. Еліміздің экономикалық дамуы қандай болса да, қоғамның рухани дамуы өте маңызды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  әлем әдебиеттері  мемлекеттік тілге аударылып жатыр. Бұл жастарға әлемнің озық 30 еліне кіру үшін тағы бір қадам жасауға мүмкіндік берері сөзсіз.

РКС: Экономика, саясат және сана. Шын мәнінде, бұл үш бағыт - қазақстандық жаңғыртудың жүйелік үштұғырлығы. Жалпы алғанда, бұл қазақстандықтардың жаңа сатыға көтеріліп, бәсекеге қабілетті болуына  жол ашады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, СӘНИЯ ИДРИСОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
18:11, 27 мамыр 2019
ӨҢІРДЕ 501,9 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК
Толығырақ...
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  БАСТАЛДЫ
18:11, 27 мамыр 2019
АУДАНДА 2 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
20:31, 23 мамыр 2019
СУ ДОБЫНАН ӨҢІР ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОН АТАНДЫ
Толығырақ...
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:39, 22 мамыр 2019
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІПАЗДАРЫ АН...
Толығырақ...