ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАР БІРІКТІРЕДІ

15:14, 11 қазан 2018

РКС: Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақстандықтарды өздерінің тарихи мұраларын жоғалтпай, рухани тамырынан алшақтамай алға жылжуға шақырады. Елдің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан олардың бойында адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге, өткеніне құрметпен қарап, болашаққа жауапкершілікпен қарауды үйретуге ерекше көңіл аудару қажет. 

СНХ: АБЫЛАЙ КЕНЖЕБАЙ,  А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Елбасының бағдарламалық мақаласының аясында саяси, экономикалық, тарихи қайта құру ауқымды жұмыстары жүргізілуде. Тек рухани бай ұлт қана  сыртқы әсерлерге дұрыс жауап бере алады. Мақаланың әлеуметтік, саяси және мәдени жобалар сынды бірқатар іс-шараларды қамтығаны маңызды. Жаңа шаралар елді дамудың жаңа деңгейіне шығаруға көмектеседі. 

РКС: Елбасы еліміздің болашағы – өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне баса назар аударады. Айта кету керек, бүгінде Қазақстан оқуға жұмсайтын бюджеттік шығыстарының үлесі тұрғысынан әлемдегі ең дамыған елдер қатарына кіреді. 

СНХ:  ШЫҢҒЫС ЕРҒАЛИЕВ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ /// Қоғамдық сананы жаңғырту – қоғам дамуының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы өскелеі ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне баса назар аударады. Бұл ретте менталитетімізді, мәдениет пен салт-дәстүрімізді ескеруіміз қажет. Біз әлемдік аренада білімді, табысты болуға тиіспіз. Оған қоса құндылықтарымызды да ұмытпауымыз керек. Тек сонда ғана біз Қазақстанды жаңа деңгейге шығара аламыз.

РКС: Әрбір қазақстандықтың қоғамдық сананы жаңғыртуды дұрыс түсініп, сүбелі үлес қосуы Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыруда маңызды фактор болмақ. 

АЙЖАН АҚТАЕВА, ЗАРИНА ДИСЮКЕЕВА

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...