ШҰҒЫЛ! ҰЛТТЫҚ КЛАССИКА ЖАУҺАРЫ САХНАЛАНДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҚОҒАМДЫҚ САНА ҚАҒИДАТТАРЫ

19:37, 16 сәуір 2018

Тілші: Мақала жарыққа шыққаннан кейін оны жүзеге асыру үшін орталық жобалық кеңсе құрылды. Сараптамалық кеңес қызметін бастады. Осындай жұмыс топтары өңірлерде де жасақталды.

СНХ: АИДА БАЛАЕВА ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ӘКІМШІЛІГІ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ Елбасы әрқашанда айтып отырады әр бағдарламаға егер мемлекетіміздің адамдары қатысса, оның нәтижесі тиімді болады, оның нәтижесі көрінетін болады. Сондықтан менің ойымша, әлі де жұмыс көп. Ең бастысы, елге көрсететін нәтиже де қомақты. 

Тілші: Алғашқы болып жүзеге асқан жобалардың бірі - "100 жаңа есім". Түрлі салада жетістікке жеткендерді қазақстандықтар дауыс беру арқылы таңдады. Олардың өмір жолы көпке үлгі.

СНХ: БЭЛЛА ОРЫНБЕТОВА «EL.KZ» ИНТЕРНЕТ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Олар мотивациялық әр түрлі кездесулер өткізіп жатыр. Кеше ғана Рахат Әбдісағин, Арман Токсанбаев Дана Башибаева сияқты «100 есімнің» көрнекі тұлғалары өздерінің әңгімелерін айтып, халықпен бөліскен болатын. Мектептерге кездесулерге жиі барып, танылып жатыр. Енді бұл тұлғалар танылып, әрі қарай, басқа да тұлғалардың танылуына, қоғамдық проблемаларды шешуге ат салысып, өздері игі шараларын жалғастыратын болады.

Тілші: Өткен жылы "100 жаңа оқулық" жобасы да қолға алынды. Аударма жұмысының нәтижесін биыл көрдік. Осы айда 18 оқулықтың жарыққа шыққаны белгілі.

СНХ: ТИМУР МҰХТАРОВ ҰЛТТЫҚ АУДАРМА БЮРОСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Биылға 30-ға жуық оқулық аударылады.  Олар да гуманитарлық бағыт бойынша, мәдениеттану, лингвистика, шығыстану бойынша, сонымен қатар кәсіпкерлік, менеджмент бағыттары бойынша қосымша оқулықтар жылдың аяғына дейін аударылуы жоспарлануда. 

Тілші: Оқулықтар 1-інші қыркүйекке дейін мемлекеттік жоғары оқу орындарына жеткізіледі. Мақала аясында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жасалды. Оған тарихи-мәдени маңызы бар ерекше нысандар енді. Айта кету керек, Ақмола облысының 10 орны осы тізімде бар.

СНХ: БЕРІК ӘБДІҒАЛИЕВ «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚСТАН» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Енді 1 жылда ең бірінші біздің осы қасиетті жерлердің тізімін анықтау болатын. Арнайы экспедициялар шықты. Оның ішінде мынау Ақмола облысы бойынша, аудандарға шығып, ғалымдармен біраз қасиетті жерлердің тізімін анықтадық. Соны саралап, анықтап, картаға да енгізіп жатыр. Облыстық мәдениет басқармасының, облыстық әкімдіктің көмегімен біраз жұмыстар атқарылды. Биыл да ол жұмыстар жалғасады. Оны насихаттау, әрбір қасиетті жерге баратын туристік маршруттарды анықтау жұмыстары жоспарланып отыр. 

Тілші: Мақала шеңберінде мәдениетімізді төрткүл дүниеге таныстыру көзделген. Бұл бағыт бойынша еліміздің өнер ұжымдары халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, көпшілікті таң қалдырып жүр. Есептік жиында мәдениетті насихаттауға бағытталған портал таныстырылды. 

СНХ: БАУЫРЖАН ҚАРАҒЫЗҰЛЫ  «МӘДЕНИЕТ» ПОРТАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ

Жаһандағы қазақстандық мәдениетті 3 тілде елге насихаттайтын ең ірі портал болып есептеледі. Оның ішінде мыңдаған кітаптар, мыңдаған видеолар, мыңдаған сирек суреттер, 5 мыңнан астам автор бар. Жеке блоктар құруға болады. Заманауи қазіргі ең ірі мәдени платформа.

Тілші: Мақалаға жүктеген міндеттер мен көздеген мақсаттар көп. Бастысы қазақстандық қоғамның санасын жаңғыру. Ал бұл бір жылдық іс емес. Сондықтан, рухани жаңғыру аясындағы жобалар легі әлі де жалғасатын болады.

Ермек Елберген

 

Тақырып бойынша материалдар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
19:10, 20 шілде 2018
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАҒЫТ!
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
19:10, 20 шілде 2018
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРНЫ. ЕКІ ҚОЛҒА БІР КҮРЕК!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар