ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

14:58, 18 ақпан 2019

РКС: Саяси-экономикалық реформаларда Қазақстан елі бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. 100 жылдық тарихы бар Ақкөл аудандық кітапхананың қызметкерлері адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу басты қажеттілік екенін алға тартуда. «Сондықтан, қорда 60 мыңға жуық рухани азығы бар кітапханада Коворкинг орталығының ашылуы осыған бірден-бір себеп»,- дейді олар.  

СНХ: ЛЮДМИЛА ЛЫСАКОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: /// Қазір біз Коворкинг орталығында тұрмыз. Оның құрылысына 2 миллион теңге жұмсалған болатын. Орталық аумағында ақпараттық аймақ, компьтерлер, кітаптар қоры орналасқан. Сондай-ақ, мұнда шеберлік сабақтары мен іскерлік кездесулер өткізуге арналған орын да бар. Коворкинг орталығы жақында ашылғанымен жастар арасында кеңінен танымал. Мәселен, олар мұнда күнде келіп, кітаптар оқып, шахмат, шашка ойнап, сабақтарын да орындайды. Әңгімелесіп, бір-бірімен араласады.    

РКС: Әрбір жас қазақстандық азамат ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Оның ішінде, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар жас өреннің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында екені айқын.

СНХ: ШОЛПАН БЕРТІЛЕУОВА, АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: /// Біз мүмкіндігі шектеулі балалармен көп жұмыс істейміз. 2009 жылда бұл жұмысты бастадық. Былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында акиматтан ақша бөлініп, осындай еңсеру кабинеті ашылған болатын. +Кабинетке жаңа жиһаздар, кітаптар, түрлі ойындар алынды. Соныдықтан, балалар мұнда күнде келе алады. Олар үшін түрлі іс-шаралар өткіземіз.

РКС: Ақкөл ауданының мамандары рухани мәдениеттің дамуы үшін тағылымды ұлттық тәрбие мен биік адами құндылықтардың кемелдену барысында әрбір маман иесі кәсіби қызметін жоғары деңгейде жүзеге асыруы қажеттілігін түсінеді. Сондай-ақ, жастар басымдық беретін межелердің қатарында білім жүйесі әрдайым бірінші кезектегі орында тұруы міндет деп есептейді.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...