ШҰҒЫЛ! ШАҺАР КӨРКІ ШЫРАЙЛАНА ТҮСПЕК Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!

19:48, 13 ақпан 2018

Тәуелсіз Қазақстан  - бүгінде барлық салада жетістікке жеткен табысты ел. Десе де, қазіргі күні әлем көз алдымызда өзгеруде. Күн сайын дүние жүзінде тың жаңалықтар мен елеулі өзгерістер орын алады. Сондықтан, әр адам жаңа өзгерістерге тез бейімделіп, алға жылжуға дайын болуы керек. Ол заманауи технологияларды меңгеруден, шет тілдерін білуден және сапалы білімнен көрінеді. Сонда ғана әлемде өз орнымызды табуға мүмкіндік бар. Әрине, ең бастысы, өзімізге тән ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек.

Жалпы, Қазақстан табысты болудың кілті – білімде екенін, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан-ақ ұғынған ел. Осы мақсатта еліміздің жастарын әлемнің маңдайалды университеттерінде оқыту үшін «Болашақ» бағдарламасы қолға алынды. Одан бөлек, ел аумағында жоғары деңгейлі университеттер ашылып, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Мұның бәрі – еліміздің  болашағы үшін жасалған маңызды қадамдар.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында  күндізгі жалпы білім беретін 565 мектеп бар. Оларда 117 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Ал, 2009-шы жылы облыс орталығында Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды. Сонымен қоса, облыс аумағында кәсіптік-техникалық білім беретін 38 колледж жұмыс істеп тұр. Білім ошақтары бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосып келеді.

Нұргүл Нұрбайқызы 

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
18:11, 16 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. САПАЛЫ БІЛІМ – САНАЛЫ ТӘРБИЕ
Толығырақ...
ММА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШАВКАТ РАХМОНОВПЕН КЕЗДЕСУ
18:11, 16 ақпан 2018
ММА: ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ШАВКАТ РАХМОНОВПЕН КЕЗДЕСУ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
18:10, 16 ақпан 2018
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ: ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!
19:48, 13 ақпан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТАБЫС КІЛТІ – БІЛІМДЕ!
Толығырақ...
ЗАХИДА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
10:19, 13 ақпан 2018
ЗАХИДА - РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...