ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛТ РУХАНИЯТЫНЫҢ РЕФОРМАСЫ

14:24, 11 наурыз 2019

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туған жерге деген сүйіспеншілік, патриоттық, тұлғаның рухани дамуы, мәдениет, латын әліпбиіне ауысу, Қазақстанның жаңа есімдерін анықтау бағытындағы жұмыстарды атқаруға нақты  бағдар берген  құжат. Бұл жұмыстар әлеуметтік мәселелерді шешуге, киелі жерлерді сақтауға, тарихты терең зерттеуге, білім беру сапасын арттырып, жастар арасында бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

СНХ: МИРАС САПАРБЕК, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ///«Рухани жаңғыру» бағдарламасы өте маңызды құжат екенін барлығымыз жақсы білеміз. Қазақтың салт-дәстүрлерін сақтау бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Киелі жерлерге саяхат жасау, туған тілді терең үйренуге бағытталған іс-шаралар да көп. 

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды міндеті еліміздің, ел халқының рухани және мәдени байлықтарын сақтау және арттыру болып табылмақ.

СНХ: ӘЛІБЕК БАЙМАҒАМБЕТОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ///Елбасының қойған міндеттері шешілуі қажет. Кей бағдарламалар іске аспай, сол қалпында қалып қояды. Біз депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар Елбасы қойған міндеттердің іске асуын қадағалауымыз қажет. Ел тұрғындары бұл жұмыстардың іске асуын сезінуі керек. Елімізге тұрақтылық тілеймін./

РКС: Елбасы бағдарламасында  өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болу, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұрған мақсат екендігі айтылды.

М.АЙБАБИНА, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...