ШҰҒЫЛ! МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» АТТЫ МАҚАЛАСЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ - ҰЛТТЫҚ ПАТРИОТИЗМНІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ!

14:23, 6 желтоқсан 2018

РКС:  Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақстандықтарды өздерінің тарихи мұраларын жоғалтпай, рухани тамырынан алшақтамай алға жылжуға шақырады. Елдің болашағы – жастардың қолында. Сондықтан олардың  бойында  адамгершілік  құндылықтарды тәрбиелеуге, өткеніне құрметпен қарап,  болашаққа жауапкершілікпен қарауды үйретуге  ерекше  көңіл аудару  қажет. 

СНХ: ТОҚТАРБЕК ҚАЛДЫРБАЕВ,  ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ////Бұл аталмыш  мақала көлемінде республика көлемінде  үлкен-үлкен  шаралар өткізілуде. Ауқымды мәдени шаралар да атқарылуда. Осы  бір құнды құжаттың жүзеге асуына елім, жерім деген әрбір  азамат  атсалысуы керек деп есептеймін

РКС: Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады. Сондай-ақ, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – жас ұрпаққа берілетін ұлттық және рухани тәрбиенің бастауы. Қазір бұл бастама елімізде кеңінен қолдау тауып, мәдениет ошақтарында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ерекше ден қойылуда.

СНХ: ҚҰДАЙБЕРЛІ МЫРЗАБЕК, МӘЛІК ҒАБДУЛЛИН МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ  ///Патриотизмнің тірегі – намыс. Намысы жоқ адам елді де, жерді де сүймейді. Елбасының Жолдауларында айтылып келе жатқан жаңа қазақстандық патриотизм қағидаттарына сүйенеміз, биылғы Жолдауда Елбасы ауыл – ел тірегі деген, туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін деген ән де бар.///

РКС: Кез-келген  халық өсіп-өркендеуі үшін заман ағымына ілесіп, үнемі жаңарып, жақсы қасиеттерін жетілдіріп отыруы қажет. Жаңғырудың да түпкі мақсаты – мемлекеттің өзін-өзі  дамытуына және өз мүмкіндіктерін ұдайы жаңартып отыруына қабілетті жағдай қалыптастыру.

БАЛАУСА ЖАҚСЫБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
14:16, 13 желтоқсан 2018
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚ НЕГІЗІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
18:18, 7 желтоқсан 2018
ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕМЕНШІК АГЕНТТІК ҚҰРЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
19:53, 6 желтоқсан 2018
«АҚМОЛА – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ
Толығырақ...
 «АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА».  БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
18:18, 7 желтоқсан 2018
«АҚИҚАТ ЖОЛЫНДА». БОТАГӨЗ БИЖАНОВАНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...