ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҰЛТТЫҚ САНА

15:03, 11 қаңтар 2019

РКС: Қазақстан Республикасының тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыржан Әбуев Отан, оның ішінде өңір тарихын зерттеп-зерделеуде аянбай тер төгіп келе жатқан ғалым. Оның биографиялық очерктер жинағына Ақмола облысында өмір сүрген, Қазақстан тарихында шығармашылық, жасампаздық, күрескерлік ерлікке толы қайраткерлігіміен ерекше рөл атқарған, Алаш жұртына, қала берді алыс-жақын шетелдерге танылған тұлғалар туралы зерттеулері мен ой- толғаныстары еніп отыр. Осынау толғамды очерктер жинағы кейіпкеріміз Қадыржан Әбуевтің соңғы 30 жылдам астам уақыт ішіндегі ғылыми-шығармашылық ізденістерінің нәтижесі деуге болады.

СНХ: ҚАДЫРЖАН ӘБУЕВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР   /// менің ұстанымым, Отан тарихын зерттеп, зерделей отыра, өскелең ұрпақтың бойында өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімдерін ұштау. ...

РКС: Қадыржан Қабиденұлы Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асуына өңір тарихын зерттеу арқылы өзінің қомақты үлесін қосып келе жатса, филология ғылымдарының кандидаты, ағылшын тілі оқытушысы Динара Рыспаева Қазақстан халқы фольклорын зерттеп, оны қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аударып, ертегілер жинағын жарыққа шығарды. Сөйтіп, үштілділік саясаты аясында өскелең ұрпақтың ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруды мақсат етіп отыр.

СНХ: ДИНАРА РЫСПАЕВА, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ   ///жас ғалымдар арасында өткен үздік ғылыми жобаларды қаржыландыру аясында біздің үш тілге аударылған ертегілер жинағы грантқа ие болды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында фольклорды жаңғыртудың маңызы зор. Оған қоса бұл ертегілер жинағы өскелең ұрпақтың ағылшын тілін үйренуге құлшынысын арттыра түседі деп ойлаймын. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің ертегілерін оқи отырып, балалар олардың тарихымен, мәдениетімен таныса алады. Бұл кітапты оқу құралы ретінде де қолдануға болады. ///

РКС: Кітапқа Қазақстанда тұратын 12 ұлттың 24 ертегісі енген, әзірге 100 данада жарық көріп отыр. Алайда, ұстаздың жетекшілігімен шамамен, 100 –ге жуық ертегі бүгінде үш тілге аударылып, қаржыландыру болса, баспаға шығаруға дайын тұр.

Бибінұр Әмірханқызы

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
15:11, 21 қаңтар 2019
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ. ҰЛТТЫҚ ТАРИХТЫ ЗЕРДЕЛЕУ
Толығырақ...
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ  4 МЛРД ТЕҢГЕ  ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
15:11, 21 қаңтар 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ШАҒЫН НЕСИЕГЕ 4 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
18:43, 15 қаңтар 2019
ЕСІЛ АУДАНЫНДА 95 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛҒАН
Толығырақ...