ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУ – МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

15:39, 20 наурыз 2019

РКС: Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен, Тұңғыш Президент-Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық санаға баса назар аударып, бірнеше міндетті айқындап берді. Мақалада бастау алған «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Яғни, әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндеді.

СНХ: АЙНҰР ҚАЙДАУЛОВА, АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: /// «Рухани жаңғыру» аясында іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Қолөнер шеберлерінің жұмыстарын жинақтап, оны бүкіл Жақсы халқына емес, Ақмола облысының халқына паш етіп, көрсетейік деп мынау бүкіл Есіл ауданы, Жарқайың, Атбасар, Сандықтау аудандарына барып, тұсаукесерін өткізіп, таныстырған едік. Біздің шеберлер ағаштан бастап, бисермен жасаған жұмыстарына дейін көрсетті. Содан кейін мынау «Рухани жаңғыру» аясында өткізген Баубек батырымыздың құрметіне кітап шығардық. Баубек батырдың кесенесі киелі орындардың бірі болып саналады.  Тағы киелі орындарымыз бар Қосбейіт пен Қылышбай әулие. Олар аймақ бойынша еніп отырған киелі орындардың бірі.

РКС: «Рухани жаңғыру» бағдарламасында қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап Жақсы ауданындағы орталық кітапхана қабырғасында да озық тәжірибе мен жетістіктер арқылы іске асырылуда.

СНХ: ЖҰМАГҮЛ ДОСЫМОВА, АУДАНДЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ БИБЛИОГРАФЫ: ///  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында біздің кітапхана мектептермен тығыз байланыс орнатқан. Ай сайын қвызықты іс-шаралар өткіземіз. Оның ішінде, театрландырылғна, пікір-таластар, байқаулар бар. Сондай-ақ, осы жылы бізде «Рухани жаңғыру» мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында балаларға арналған клуб ашылды. Яғни, аңызға құштарлығы бар балалар аудан қарияларының өз аузынан тарихқа толы қызықты әңгімелерін тыңдай алады.   

РКС: Тұңғыш Президент-Елбасы «Рухани жаңғыру» жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді нақты айқындап берді. Яғни, «Рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойды.

Айгүл Бекетқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар