ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ. ПАРАСАТ ПЕН ПРАГМАТИЗМ!

15:10, 14 наурыз 2019

РКС: Рухани болмыстың бірегей ошағы - театр сахнасы. Ақмолалық белсенді жастар осы мәдениет ошағы мен жас буынның арасындағы сабақтастыққа алаңдаулы. «El jastar» жастар әлеуметтік театрын құрудағы басты мақсат та осы болса керек. Бүгінде тың бастама тұрғындардың қолдауына ие болып отыр.

СНХ: ХӘКІМ ХАСАНБАЙ, «EL JASTAR» ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ АРТ-ДИРЕКТОРЫ /// Қазіргі қоғамда, білесіздер, жастар мәдени мекемелерге, театрға көп бас сұға бермейді. Біз олардың актуалды проблемаларын көтеріп, оларды сахналап арнайы жастар театрын аштық. Егер жастар Мұхтар Әуезовтың «Қарагөзін», «Айман-Шолпанын» көріп кетсе, Ғ.Мүсіреповтың «Қыз Жібегін» көріп кетсе, тіпті, Шекспирдің «Ромео-Джулиеттасын» көріп кетсе өздерінің рухани өрісінің кеңігенін сезінер еді.

РКС: Прагматизм - жаңа ғасыр өкілдерінің айнымас серігіне айналуы тиіс. Бұл ретте өңір тұрғындарының өзін жан-жақты дамытып, өз бойына іскерлік қабілеттерді жинақтауы маңызды. Дүниежүзілік даму банкі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынып отырған «Jasproject» жобасы жастардың бойында осы қасиеттерді дарытуға бағытталған.

СНХ: АЛЕНА БАЯНБЕКОВА, «JASPROJECT»  ЖАСТАРДЫ ДАМЫТУ ЖОБАСЫН ҮЙЛЕСТІРУ АГЕНТТІГІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /// Біздің жобаның мақсаты жастардың қоғамның әлеуметтік мәселелеріне араласуын көздейді. Яғни, жоба қатысушылары өздерінің күнделікті өмірде кездестіріп отырған мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныстарын айтып, оны іске асыруға қажетті дағдыларды меңгереді. Бұлш жоба Ақмола облысымен қатар өзге де 5 өңірде қолға алынып отыр.

РКС: Рухани жаңғыру қоғамның көнеден тамыр тартқан ізгі қасиеттерін сақтай отыра, жаһан жаңалықтарын табысты игеруді талап етеді. Бұл ретте қазақ халқының бірегей моральдық мұрасын сақтап, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін прагматизмді игеру маңызды.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

 «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
18:59, 14 наурыз 2019
«ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ
Толығырақ...
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
15:10, 14 наурыз 2019
ПАУЭРЛИФТИНГ. КОМАНДА ҚОРЖЫНЫНДА 9 МЕДАЛЬ
Толығырақ...