ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

САЙЛАУ БАҚЫЛАУШЫЛАРЫ ЕСЕП БЕРДІ

14:45, 10 маусым 2019

РКС: Дауыс беру құқығы бар ақмолалықтардың 80 пайыздан астамы өз азаматтық таңдауын жасаған. Әсіресе, ауыл тұрғындарының белсенділігі жоғары. Облыс аумағында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы миссиясының 12 бақылаушысы қызмет атқарыпты. Көршілес Ресейдің Омбы облысының өкілдері өңір журналистерімен кездесіп, сайлау барысы туралы есеп берді.    

СНХ: ЮРИЙ НАЗАРЕНКО, ТМД МИССИЯСЫНЫҢ  БАҚЫЛАУШЫСЫ /// Біз Ақмола облысының бірнеше аудандарында Көкшетау қаласында қызмет атқардық. Сайлаушылармен сұхбаттасып, өзге де бақылаушылардың жұмысымен таныстық. Сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтқым келеді. Ешқандай тәртіп бұзушылық анықталған жоқ.

СНХ: ИВАН ХОДАКОВ, ТМД МИССИЯСЫНЫҢ  БАҚЫЛАУШЫСЫ /// Сайлау комиссиялары мен сайлау учаскелері өте жоғары деңгейде қызмет атқарды. Мен кәсіби сайлау маманы ретінде бұл күн халықтың ортақ мерекесіне айналуы тиіс деп ойлаймын. Сіздердегі сайлаудан бұл анық байқалды. Азаматтар жайдары көңілмен дауыс берді, әрі өте жоғары белсенділік танытты.

РКС: Омбы облысының заңнамалық кеңесі төрағасының орынбасары Александр Артёмов Қазақстанға 3-ші рет Президенттік сайлау бақылаушысы болып келіпті. Көршілес мемлекет өкілі сайлау науқаны өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтады.   

СНХ: АЛЕКСАНДР АРТЁМОВ, ТМД МИССИЯСЫНЫҢ  БАҚЫЛАУШЫСЫ /// Біз үшін жалпы сайлаудың қалай өтіп жатқанын көру маңызды. Осы мақсатпен 6 сайлау учаскесінің қызметімен таныстық. Бірде-бір құқық бұзушылық анықталған жоқ. Ақмола облысындағы сайлау науқанының ұйымдастырылуы да барлық талаптарға сай атқарылған.

РКС: Өңірде Нидерланды, Швеция, Әзірбайжан елдерінің бақылаушылары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері қызмет атқарды. Сайлау науқанындағы жоғары белсенділік өңір тұрғындарының ел ертеңіне бей-жай қарамайтындығын айғақтайды, - дейді бақылаушылар.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...