ШҰҒЫЛ! САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ОРНЫ ӨЗГЕРДІ Толығырақ

САЙЛАУ МЕРЗІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

19:35, 21 қазан 2020

ДК: Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы тағайындалады. Конституциялық мерзімге сәйкес, сайлау  2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді.

ГРАФИКА.   Қ.ТОҚАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ    Таймтитр. 21.10.2020

РКС: Алдағы сайлау конституциялық мерзімге сәйкес, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді. Барлық саяси партиялардың бұл сайлау науқанына қатысуға дайындалуына, сайлау алдындағы платформасын әзірлеуіне, партиялық инфрақұрылымдарды жетілдіруіне уақыты жеткілікті болды. Орталық сайлау комиссиясы мен Бас прокуратура сайлаудың заңдылығын, ашықтығын және әділдігін сақтау үшін тұрақты бақылау жүргізіп отырады. Жаңа сайлау науқанына дейін саяси жаңғыру, көппартиялықты дамыту және еліміздің қоғамдық-саяси  өміріне азаматтардың қатысу аясын кеңейту жөнінде шаралар қабылданды.

ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуінен

РКС: Мемлекет басшысы жаңа сайлау науқанында орын алатын үш негізгі жаңашылдықты атады. Біріншіден, заңнамалық өзгерістер қабылданып, парламенттік оппозиция институты құрылады. Екіншіден, заңда қарастырылған ережелер бойынша алғаш рет әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді тәсілі болмақ.

СНХ: ӘСЕН ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ///аударма/// Партиялық тізімдерге 30 пайыздық квота жастар мен әйелдер қауымының азаматтық белсенділігін арттыруға, олардың қоғамдық өмірге үлес қосуына мүмкіндік береді. «Нұр Отанның» партияішілік праймеризінде біз бұл азаматтардың жаңа көзқарастарын, әралуан мәселені шешуге құлшынысын көрдік.

РКС: Үшіншіден, алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. «Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады», - деді мемлекет басшысы.

СНХ: ЕЛЕНА МАЩИНАСКАЯ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ///аударма///  Мәслихаттарға сайлаудың жаңа үлгісі барлық партия өкілдерінің жергілікті басқару жүйесіне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Сайлау нәтижесі бойынша, өңірдегі әр партия мәслихатқа өз өкілін ұсынады. Бұл өкілдер партияішілік іріктеу мен праймериздер негізінде анықталады.

РКС: Сайлау науқанына 15 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады. Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті мәслихаттар сайлауын қатар өткізу бюджет қаржысын тиімді пайдалануға жол ашады деп отыр. Оның мәлімдеуінше әр сайлау жеке атқарылса бұл қаржы 25 млрд. теңге болатын еді.

АУҒАНБЕК МАНАРБЕКҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ. «КӨКШЕ АҚПАРАТ».

Тақырып бойынша материалдар

COVID-19:  ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
19:11, 3 желтоқсан 2020
COVID-19: ЖЕЛТОҚСАННЫҢ АЛҒАШҚЫ 3 КҮНІНДЕ 72 ДЕРЕК ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
14:10, 30 қараша 2020
БОЛЕЕ 30 ДОЛЬЩИКОВ НЕ МОГУТ ВЪЕХАТЬ В СВОЕ ЖИЛЬЕ
Толығырақ...
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбындағы «Адалдық сағаты»
15:37, 30 қараша 2020
«Ахмет Байтұрсынұлы - адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбын...
Толығырақ...