ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

САЛАУАТТЫ БОЛАШАҚ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

18:31, 16 тамыз 2019

ДК: Балаларды жастайынан спортқа баулу дені сау ұрпақты тәрбиелеудегі негізгі міндет. №35 «Болашақ» балабақшасында «дене тәрбиесі және спорт» күні қарсаңында спорттық іс-шара өтті. Бүлдіршіндер сайыс ойындарына қатысып, түрлі сыйлықтарға да ие болды.

КСМ: Бүлдіршіндер арасындағы қызықты сайыс «Ақ жол» демократиялық  партиясының  Ақмола облыстық филиалы мен «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілді. Шараның мақсаты балаларды спортқа баулып, денелерін шынықтыру. Елін қорғар ерді тәрбиелеу балабақшадан бастау алу керек дейді ұйымдастырушылар. 

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ.  Біздің партиямыз саяси партия болғанымен, саясаттағы ғана емес қоғамдық барлық мәселелерді қамтуымыз керек. Отбасы тәрбиесі, балалардың тәрбиесі мәселесі. Қоғамдағы адамдарға қиындық түсіріп жатқан кемшіл тұстарын біз толтыруға тырысуымыз керек. Тек саясатпен айналысып кету дұрыс емес. Сондықтан да, қоғамдағы салауатты өмір қалыптастыру биліктің де, қарапайым адамдардың да міндеті болуы тиіс.

КСМ: Тәрбиеленушілердің  спортқа деген қызығушылықтарын оятқан сайыс көңілді өтті. Балалар спорт тақырыбында өлең шумақтарын оқып, әуенге ілесіп, жаттығулар да жасады. Кейін қыздырынып алған кішкентай толағайлар топтарға бөлініп, өзара сайысқа түсті. Бұндай жарыстар бүлдіршіндерді спортқа баулып қана қоймай, күні бойына сергек жүрулеріне септігін тигізеді дейді тәрбиеші мамандар. 

СНХ:ҚАЙРИСА ТАЙШЫҚОВА, БАЛАБАҚША ӘДІСКЕРІ Бүгін біздің балабақшада спорттық шара өтуде. Оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларға салауатты өмір салтын үйретіп, олардың спортқа деген икемділігін жетілдіру. Балабақшамызда бұндай шаралар жиі өткізіліп тұрады. «Денсаулық күні», «спорт күні»  және өзге де түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Ал балалар болса, қызықты сайыстарға қуана қатысады.

КСМ: Көңілді сайыс соңында балаларға «Моя семья» дүкен иелері атынан түрлі ойыншықтар үлестірілді. Балабақша меңгерушісі демеушілер мен ұйымдастырушыларға алғыс айтып, бұдан былай да олармен тығыз байланыста жұмыс атқаруға ниетті екенін жеткізді.  

СНХ: АҚЛИМА НЫҒМЕТОВА, БАЛАБАҚША МЕҢГЕРУШІСІ «Спорт және дене тәрбиесі» күніне арналған іс-шара «Ақ жол» партиясы мен «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізіліп жатыр. Ал, демеушілік көрсетіп, балаларға сыйлықтар ұсынған «Моя семья» дүкені. Дүкен иелеріне балабақша атынан алғысымызды айтып, бөбектердің өз қолдарымен жасаған мына гүлді тарту етеміз. Балаларды осылай қуанта берсін дейміз.

КСМ: Айта кетейік, балабақша 1988  жылы құрылып, қазіргі уақытта 300-ге жуық бала тәрбиелеп отыр.

Тұмарым Бабасанова, Павел Соловьев, «КӨКШЕ -АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...