ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ.

17:32, 11 қыркүйек 2019

Атбасар ауданында жаңа амбулаториялық емхана қолданысқа берілді. Сонымен қатар, Көкшетау қаласы, Шортанды және Целиноград аудандарында онкология емханаларының құрылысы жалғасуда.

Облысымызда денсаулық сақтау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.  Атбасар ауданының Новоалександровка ауылында бір ауысымда 25 адамды қабылдауға куатты дәрігерлік амбулатория және  күндізгі стационарға арналған 4 төсек-орын бар.

ИВАН МАТВЕЙЧУК, НОВОАЛЕКСАНДРОВКА АУЫЛЫНЫҢ БҰРЫНҒЫ ӘКІМІ Ауылда 2 740 адам тұрады. Мұндай нысанның қолданысқа берілуі біршама қажеттіліктерді азайтпақ.  Бұрындары  біз  ыңғайсыз, тары, емханада ем қабылдайтын едік. Осындай тамаша ғимарат салынады деп ойлаған жоқпыз.  Зәулім нысанды салып берген құрылысшыларға үлкен рахмет.  Бұл мекеме  енді біздің халыққа қызмет  көрсететін болады.

Амбулатория заманауи медициналық жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.  10 мың киловатттық жарықты реттеп тұратын арнайы дизель генераторы бар. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да тиісті жағыдайдың бәрі қарастырылған.

Сонымен қатар Шортанды ауданынының  Степное ауылында 25 келушіге арналған және Целиноград ауданына қарасты  Софиевка ауылында 50 адам қабылдайты дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы жүргізілуде.

Өңірімізде салауатты өмір салтын ұстаныу мықтап жолға қойылған. Ағымдағы жылдың 18 шілесінде  Астрахан ауданында "Жастар" дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. 70-ші жылдары салынған ескі ғимарат жаңартылып балалар мен жасөспірімдердің арманы орындалды. Көлемі кең алаңда тоғыз спорт түрі бойынша бес жүзге жуық тәрбиеленуші жаттығады. Бұл дегеніміз астрахандықтарға беріліп отырған  үлкен мүмкіндік.

УӘЛИХАН ӘШКЕНОВ, "ЖАСТАР" ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ-САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Ең біріншіден айта кету керек, құрылыс жұмыстарының сапасы көнілге қонарлық.  Бассейндегі судың сапасы жоғары деңгейде. Су қайта циркуляциялау арқылы тазартудан өтеді, таза суды қамтамасыз ету жылу алмастырғыш жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Спортзал командалық және де басқа да спорттық ойындарды өткізу үшін барлық нормаларға сәйкестендірілген. Осындай керемет мүмкіндік силап отырған жандарға айтар алғысым шексіз. 

Сонымен қатар, Біржан Сал ауданының Ерейментау және Степняк қалаларында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жақсы ауданына қарасты Жақсы ауылындағы стадион күрделі жөндеуден өтуде. Ал,Макинск қаласындағы Балуан Шолақ атындағы стадионның алаңында жабық хоккей корты салынбақ.     

БАЙБОЛАТ ЕРҚАНАТ САНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ КӨКШЕ АҚПАРАТ

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...