ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

19:29, 12 ақпан 2019

РКС: Бухгалтерлік есеп және салық салымдары саласында 15 жылдық тәжірибесі бар республикалық орталықтың директоры Дмитрий Казанцев Ақмола өңіріндегі кәсіпкерлерге жаңа жылдан бастап Қазақстан Республикасының Салық Кодексіне енгізілген бірқатар өзгешеліктерді қарапайым тілмен жеткізуге тырысты. Жиын тақырыбының «Салық 2019: салықтар туралы қарапайым тілмен» деп аталуы да тегін емес. Салық заңдылықтарындағы «Электрондық есеп-шоттар», «Виртуалды қойма», «Фискалды есте сақтауы бар бақылау-кассалық машиналары» деген жаңашылдықтар кәсіпкерлік саласында жүрген әр маманға бейтаныс. Сондықтан, бұл тарауларды жете түсіну үшін қызығушылықтың да артып отыр. Тұрғындар мен кәсібін енді дөңгелетіп отырғандар үшін бірыңғай жиынтық төлем де жаңа дүние.

СНХ: ДМИТРИЙ КАЗАНЦЕВ, КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ//////Салық заңдылықтарына енгізілген барлық жаңашылдықтар шағын және орта кәсіптің барлығын айналып өткен жоқ. Біздің мақсатымыз – кәсіпкерлер мен есепшілерге қарапайым тілде маңызды ақпараттарды жеткізу. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұлғалар үшін жиынтық төлем тақырыбын қамтып, оның барлық ұтымды, ұтымсыз тұстарын талқылаймыз. Сонымен бірге кассалық аппараттарды ауыстыру да өзекті екендігі белгілі.   

РКС: Келер жылдан бастап Қазақстанның барлық азаматтары табысын жалпы декларациялайтын болады. Сондықтан да бұл конференцияның маңызы зор. Мұндай декларацияны еліміздің 13 миллиондай азаматы толтырады. Меншігінде жылжымайтын және жылжитын мүліктері бар тұрғындар мен жасөспірімдер декларация толтыруға міндетті деп саналады.

СНХ: ДӘУРЕНБЕК ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ БИЗНЕС-ТРЕНЕРІ////Осындай жиындардың қарапайым кәсіпкерлер үшін маңызы зор деп айтқым келеді. Жасыратыны жоқ, көбіне кәсіпкерлер дәл осы салық төлемдері жағынан көптеген кедергілерге жолығып жатады. Сондықтан, бірлесе отырып, осындай қиындықтардың ортақ амалын табуымыз қажет. Келісіп пішкен тонның келте болмасы анық.     

РКС: Конференция барысында кәсіпкерлерге арналған салықтық есептік саясат, қызметкерлерді ресми рәсімдеудің артықшылықтарына қатысты  мәселелер жан-жақты түсіндірілді. Электрондық сауда-саттық, кәсіпкер төлейтін айыппұлдардың мөлшері, есеп беруге қатысты нақты нұсқаулар да жиын барысында талқыланды. Мұндай басқосулар алдағы уақытта жалпы декларациялауға байланысты да ұйымдастырылмақ.    

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
19:42, 22 ақпан 2019
ОБЛЫС БОЙЫНША ЖАҢАДАН 3 МЕКТЕП БОЙ КӨТЕРЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС ӨТТІ
14:58, 18 ақпан 2019
СОТ САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ АРАСЫНДА ҚЫСҚЫ СПАРТАКИАДАДАН ЖАРЫС Ө...
Толығырақ...
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
14:58, 18 ақпан 2019
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ. ОЗЫҚ ДӘСТҮРЛЕР – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Толығырақ...
 «САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ
19:16, 18 ақпан 2019
«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛ...
Толығырақ...