ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

САЛЫҚ ЗАҢНАМАСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

18:27, 15 қаңтар 2020

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және микробизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізу күшіне енді. Осылайша, азаматтарға кәсібін дөңгелету мүмкіндігі беріледі.

Тексерулерге мораторий жариялаумен қатар, әкімшілік жауапкершілік те күшейтілмек. Ендігі кезекте кәсіпкер қолма-қол ақшамен жұмыс істеген жағдайда, чек ұсынуға міндетті. Сондай-ақ, кассалық аппараттардың жоқтығы үшін де әкімшілік жауапкершілік жүктеледі.

НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес субъектілері 3 жылға тексерістен босатылады. Дегенмен, барлық тексерулердің күші жойылмайтынын түсіну керек. Мораторий кәсіпкердің өз өтініші бойынша, халыққа жаппай қатердің алдын алуға байланысты тексерулерге қолданылмайды. Екінші үлкен өзгеріс бұл микро және шағын бизнесті салықтардан босату болып отыр. Олар корпоративтік табыс салығынан, әлеуметтік және бірыңғай жер салығынан босатылады.

Республика бойынша 1,2 миллионнан астам кәсіпкер - шағын және кіші бизнес өкілдері салық төлеуден босатылмақ. Бұл өз кезегінде 380 миллиард теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Дегенмен, салықтан босатылмайтын 16 қызмет түрі бар. Атап айтсақ, олар лотерея, ойын бизнесі, кредиттік бюро, күзет қызметі және басқалар. Бірыңғай жер салығына да біршама өзгерістер енгізілді.

НАЗГҮЛ АЮПОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА ЖЕТЕКШІСІ

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жер салығы бойынша арнайы салық режимін жүзеге асыратын салық төлеушілер – шаруа-фермер қожалықтарының салық салу тәртібі өзгерді. Егер бұрын ол жер телімінің бағалау құны болса, ендігі кезекте бұл өндірілген өнімді сатудан алынатын табыс болмақ. Мөлшерлеме – 0.5%. Сондай-ақ, аталған салық төлеушілер, барлық жеке кәсіпкерлер сияқты медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасауға міндетті болады. Бұл ең төменгі жалақының ¼ бөлігінің 5 пайызы.

Сондай-ақ, тіркелген салық, патенттер мен ойын бизнесіне қатысты өзгерістер бар. Барлық туындаған мәселелер бойынша кәсіпкерлер құзыретті органдарға жүгінулері қажет.

АЙЖАН АҚТАЕВА, СӘНИЯ КӨПЖАСАРОВА, ДАРХАН САҒЫН «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...