ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ Толығырақ

САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР МЕН НЕСИЕЛІК ШЕГЕРІМДЕР

20:58, 13 мамыр 2020

 

ДК: Президент карантин кезінде кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді тапсырды. Осыған сәйкес шағын және орта бизнес өкілдері жарты жылға дейін еңбекақы төлеу қорынан ұсталатын салықтан босатылады. Бұл жұмыс орнын сақтау мен жалақы төлеу үшін маңызды. Бүгінде Ақмола облысы бойынша 130 мыңнан аса адам жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Үкімет алдына қойылған стратегиялық міндеттің бірі, бұл Қазақстанда бизнестің экономикадағы үлесін 2025 жылға қарай 25 %-ға, ал 2050 жылы 50 %-ға дейін арттыру.

 

 

РКС:  Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгеннен кейін билік халық пен бизнесті экономикалық тұрғыдан қолдау мақсатында бірқатар шараны қолға алды. Оның бірі - несие қарызының 3 айға шегерілуі болып отыр. 16 наурыздан маусымның 15-іне дейін кәсіпкерлердің несиені өтеу мерзімі шегерілді. Ол үшін маусымның 15-іне дейін банкке электронды өтініш жіберу қажет немесе банк менеджері қарыз алушының өзімен жеке байланысады. Мәселен, кәсіпкер Рустем Нығметуллинге банк менеджері өзі хабарласқан. Іскер азаматтың азық-түлік сататын дүкені бар. Жеке кәсібін дамыту үшін жылдың басында «Еңбек» бағдарламасы аясында несие алған.

СНХ: РУСТЕМ НЫҒМЕТУЛЛИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР ///АУДАРМА: Төтенше жағдай жарияланғаннан кейін бір аптадан соң маған банктен хабарласып, алған несиемді өтеуге шегерім беретінін айтты. Мен несие алғанда жарты жыл демалыс сұраған болатынмын. Сондықтан, тек 87 мың теңге көлеміндегі пайыз сомасын  өтеп тұрдым. Міне, осы сомаға маған 25 наурыздан бастап шегерім берілді. ///

РКС: Сауда нысандарының иелері мүлік салығынан, ал жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейін жеке кіріс салығынан босатылды.

СНХ:  МӘДИ ТӘКИЕВ -  ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА  ВИЦЕ-МИНИСТРІ (ТАЙМ-ТИТР)///АУДАРМА. Шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтың барлық түрі мен бюджетке төленетін міндетті әлеуметтік төлемдері үшін шегерімдер берілді. Сонымен қатар салық пен кедендік әлеуметтік төлемдерін өтеу  ісі де ағымдағы жылдың 1-ші маусымына дейін уақытша тоқтатылады. //

РКС: Төтенше жағдай кезінде барлық салықтық тексерулер тоқтатылды. Салық төлеушілер 2019 жылғы өз міндеттемелері бойынша салықтық есептерін 31 мамырға дейін бере алады. Бұл шегерімдер елдегі 700 мыңнан аса салық төлеушіге қатысты. 

БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ЖАМАЛ ҒАБДУЛЛИНА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, «КӨКШЕ-АКПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
19:20, 26 қазан 2020
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢА ӘЛЕМДІ АШУҒА МҮМКІНДІГІ БАР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...