ШҰҒЫЛ! ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ. ЖАҢА БАСТАМАЛАР - ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР Толығырақ

САМҒАТҚАН САН ҚЫРАНДЫ АЛТЫН ҰЯ!

15:44, 20 тамыз 2019

ДК: «Самғатқан сан қыранды, алтын ұям». Зеренді ауданы Сарөзек ауылдық округіне қарасты Ақан негізгі мектебінің 85 жылдық мерейтойы сән-салтанатымен аталып өтілді.  Дүбірлі тойға алыс-жақыннан ат терлетіп ел ағалары мен мектеп түлектері келіп, білім ұясында бас қосты.

РКС: Аядай ғана ауыл мектебінің негізі сонау 1934 жылы қаланыпты. Кейін 1969-шы жылдары сегіз жылдық мектеп болып қалыптасты. Ғасырға жуық тарихы бар білімнің қара шаңырағынан небір ұлт жанашырлары түлеп ұшты. Мектеп ашылған алғашқы жылдарда Дужан Рахимов, Елемес Макышев, Талғат Қалиев, Малғаждар Садуақасов, Ташен Сыздықов, Жакен Құсайынов, Балапай Дүйсенов сынды ұлағатты ұстаздар қызмет атқарған. Олардың есімі «Шуақты шежірелі тарихы бар» атты мектеп жанынан құрылған музейде алтын әріптермен жазылды.

СНХ:  НАУАН РАМАЗАН, АҚАН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ҰСТАЗЫ   Сол кісілердің арқасында мектебіміз қазіргі кезде көркейіп, бірақ өкінішке орай 2009 шы жылы ауылдағы бала санының аздығынан негізгі мектеп болып қалды. Соған қарамастан мектеп түлектері мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушылар биік белестерден көрініп, аудан, облыс бойынша олимпиадалардан жүлделі орындармен келіп жатыр. 

РКС: Ақан негізгі мектебінде қазіргі таңда 60-қа жуық оқушы сапалы білім, саналы тәрбиемен қамтылған. Шағын орталық жұмыс жасайды.  85 жылдық мерейлі мереке қарсаңында аудан әкімі Берікжан Әбутәліпов ауыл мектебіне компьютерлік техника алу сертификатын тарту етті. Бұдан бөлек, бұл күні мектеп ұстаздарына аудан әкімінің арнайы алғыс хаттары, құрмет граомталары мен өзге де сый сияпаттар табысталды.

СНХ: ДӘРИЯ ӘБДІЛМАНОВА, АҚАН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ Мектебіміздің болашағынан үлкен үміт күтеміз.себебі бұл мектептен мықты мықты түлектер ұшқан. Мықты мықты мұғалімдер жұмыс жасаған. 

РКС: Білім ұясының төл мерекесіне келген ағайын туыс, мектеп түлектері жылдар жүздесуіне қатысып, аржарма тілек-ниеттерін жаудырды. Салтанатты шара көркемөнерпаздар әзірлеген мерекелік думанға ұласты...

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, ЕРМЕК МАХМЕТОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН  КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
17:39, 17 қыркүйек 2019
МҰХТАР АЛТЫНБАЕВПЕН КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
16:25, 12 қыркүйек 2019
ҚЫЗЫЛТАҢ АУЫЛЫНДА БОКС ЗАЛЫ АШЫЛАДЫ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
16:34, 13 қыркүйек 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МӘРТЕБЕСІ БИІК ҚҰРАЛ
Толығырақ...