ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫ МӘЛІМДЕМЕСІ: СИРИЯДА ТЕРРОРИСТЕРДІҢ ТҰТҚЫНЫНА ТҮСКЕН 47 АЗАМАТЫМЫЗ ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ Толығырақ

«САНАЛЫ ҰРПАҚ – ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТ» ЖАС ПАТРИОТТАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖИЫНЫ

19:16, 18 ақпан 2019

РКС:Ауғанстаннан Кеңес әскерлері шығарылған күннен бері 30 жыл өтті. 10 жылға созылған алапат соғыс майданында 22 мыңнан астам отандасымыз  интернационалдық борышын өтеген. Бүгінде сол майданның зауалы мен зұлматының куәгерлері жас ұрпаққа бейбіт өмірдің қаншалықты құнды екенін ұғындыруда. Осы мақсатта Ауған соғысының ардагерлері «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының өрендерімен кездесті. Жиында ардагерлер өз борыштарын өтеу мерзіміндегі қиын да, қызықты сәттерімен бөлісті.

СНХ: ЖАҚСЫЛЫҚ ҚУАНДЫҚ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ///// Біз Ауғанстанға соғыс мақсатында барған жоқпыз. Біздің басты мақсат бейбіт өмірге жетелеу болатын. Біз көрген қиындықтарды қазіргі ұрпақ көрмесе екен. Еліміздің бүгінгі бетбұрысы мені қуантады. Бейбіт өміріміз мәңгі жалғасса деп тілеймін.

РКС: Жалғанды жақында тәрк еткен атақты батырларымыздың бірі «Қара Майор» деген  лақап атымен белгілі Борис Керімбаевті білмейтін адам кемде-кем. 500 әскермен Ауған әскерлеріне 9 ай бойы шатқалдан өткізбей тойтарыс берген ерлігі көпшілікке мәлім. Батырдың басына Ауған қолбасшылары 1 миллион доллар сыйақы тағайындаса да, әскерлері адалдықтан таймаған. 30 жылдыққа санаулы күндер қалғанда Борис Керімбаев дүниеден озды. Жиын барысында «Қара Майордың» қарамағында борышын өтеген қатарластары батырдың ерлік істерін айтып, рухына бір минуттық үнсіздік жариялады.

СНХ: МЕЙРАМБЕК ИСМАНОВ, ПОЛКОВНИК ///  Бүгінде Бурабай ауданында 110 Ауған соғысының ардагері бар. Оларға әкімшілік тарапынан барынша көмек көрсетілуде. Ардагерлермен кездесулер жиі ұйымдастырылып тұрады. Мұндай кездесулер балаларды Отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен маңызға ие. Елімізде саналы ұрпақ қалыптасуда, оған балалардың бүгінгі белсенділігі дәлел.

РКС: Шара барысында оқушылар ардагерлерге өздерін қызықтырған сауалдар қойды, диалог ретінде өткен кездесуде талай сыр ақтарылды. Ардагерлермен әскери-патриоттық жұмыс жасау бөлімі бастығының орынбасары Мейрамбек Исманов көңіл толқытар сұрақ қойған оқушыларды марапаттап, оларға өз батасын берді. Жиынның соңы мерекелік концертке ұласты.

ҒАЛЫМЖАН ӨТЕМІСОВ

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
15:02, 24 мамыр 2019
ЖОЛ АМАНДЫҒЫ - ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПАРЫЗЫ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
15:02, 24 мамыр 2019
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ. ЕЛ ЖАСТАРЫ – ҰЛТ ЕРТЕҢІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 «STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 17 ЖОБА ІРІКТЕЛДІ
19:22, 17 мамыр 2019
«STARTUP BOLASHAK: МЕНІҢ АРМАНЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА 1...
Толығырақ...
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА.  ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
19:22, 17 мамыр 2019
ЖАРЫМАҒАН ЖАРНАМА. ҚАТЕНІ ҚАПЕРГЕ АЛСАҚ...
Толығырақ...