ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ӘКІМІ БІРҚАТАР НЫСАНДЫ АРАЛАДЫ Толығырақ

САНИТАРЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ОРНЫ ӨЗГЕРДІ

18:42, 3 желтоқсан 2020

ДИКТОР: Көкшетау қаласының аумағындағы 6 санитарлық бекеттің орны ауысты. Себебі бұған дейін бекеттерді айналма жолдар арқылы асу мүмкіндігі бар еді. Қызыл зонадағы облыс орталығына кіріп-шығудың ереже-талаптары көпшілік көкейінде біраз түсініксіз сұрақ туғызды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысы бекеттерде қалай жүзеге асып жатыр? Тілші Айсәуле Съезбек арнайы зерттеп көрді.

СНХ: ДАСТАН ИСМАЙЫЛОВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: 01: 13 Көкшетау қаласына кіріп-шығатын машиналардың саны күніне бес мыңға жуық. Кері қайтарылып жатқан машиналардың саны 200-300-ге жуық. +01:43 Көкшетауға өзінің жеке жұмыстарымен кірмекші болған азаматтарды кері  қайтарып жатырмыз. Өйткені ПЦР-тестері жоқ. Біз қызыл зонада болғандықтан ол кісілерге рұқсат жоқ.

СТЭНД-АП: АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: 00:50 Көкшетау қаласы қызыл зонадағы карантиндік аймаққа айналғалы бері санитарлық посттың қызметі де күрделенді. Яғни, ереже қатаңдады. + 00:25 Осы ретте, қала тұрғындары мен қала қонақтарының арасында  ПТР-тесттің керегі бар ма, жоқ па тағы да басқа біраз күрделі сұрақтар туындады. Сондықтан біздің түсірілім тобы осы санпосттағы жұмыс барысымен тікелей танысуға, + 01: 12 нақты қандай қағаз арқылы, қандай жағдайда  санпосттан арғы-бергі бетке өтуге болатынын тікелей осы жердегі мамандардан сұрап-білуге келдік.

ИНТЕРШУМ: - Көкшетау қаласында жұмыс істейтін, бірақ Көкшетау қаласында тіркеуде жоқ азаматтар санитарлық посттан өте ала ма?

СНХ: ДАСТАН ИСМАЙЫЛОВ, ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Иә, өте алады. Егерде олардың жұмыс орнынан анықтамалары болса, таңертең-кешке осы бағытта өтеді. Осы маңайдағы ауылдарда тұратын + кісілер жұмыс орнынан анықтамаларын көрсетеді. Ол кісілерді біз өткіземіз. Олар күнде өтеді. Ал ПЦР-тесті тек 3 күнге жарамды. Сондықтан олардың өтуіне рұқсат беріп жатырмыз.

РКС:  Жақын маңдағы елдімекендерден қатынап жұмыс істейтін азаматтардың жанайқайы облыстың бас санитарлық дәрігеріне де жеткен сыңайлы. Бүгін арнайы брифинг барысында санитарлық бекеттерден өтудің қосымша ережесі жарияланды.

СНХ: АЙНАГҮЛ МУСИНА, ОБЛЫСТЫҢ БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ  Бүгіннен бастап Зеренді ауданының тұрғындарына Көкшетау қаласына кіруге рұқсат беріледі. Ол үшін тұрғындар Stopcorona сайтына жұмыс орны мен келудегі нақты  мақсатын алдын  ала тіркеу керек. Біз бұл сұрақты  дүйсенбіден бері талқылап, бүгін ресми түрде енгізіп отырмыз. 

СТЭНД-АП: АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ТІЛШІ: 00:20 Көріп тұрғандарыңыздай, жұмыс орнынан рұқсат қағазы, науқастарға жолдама және өзге өлкеден келген азаматтардың ПТР-тесті болған жағдайда санитарлық посттардан емін-еркін өтіп жатыр. + 00:41 Ал күніне 200-дей автокөлік иелері осы жолдың айырығында рұқсат қағаздарының болмауынан кері қайтып жатқан көрінеді.

РКС: Бекет жұмыстарымен қатар, кесіп өтуге тыйым салынған жолдарға 240 белгі орнатылады. Ережені елемей өткендер бейнебақылау арқылы қадағаланып, айыппұл арқалайды. Қала әкімшілігі транзиттік көліктердің санитарлық бекеттерге аялдамай-ақ ары қарай өтуін қарастыруда. Айта кетерлігі, тас жолдарда тосқауыл күшейтілгенмен, облыс орталығы арқылы өтетін поездар қалыпты жағдайда жүріп тұр. Теміржолмен келем деушілерге ешқандай анықтама қағазын арқалаудың қажеті жоқ.

АЙСӘУЛЕ СЪЕЗБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

 

Тақырып бойынша материалдар

ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
20:10, 27 қаңтар 2021
ҰРЛАНҒАН КӨЛІКТЕРДІ ҚАЙТАРУ ЖОЛЫ ЖЕҢІЛДЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
19:46, 27 қаңтар 2021
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАРАСТЫРЫЛҒАН СУБСИДИЯ АЗ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубликалық бірыңғай "адалдық сағаты"
21:00, 21 қаңтар 2021
"Шәкәрім өсиеті - адалдық айнасы" тақырыбындағы жалпыреспубл...
Толығырақ...
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА  ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТТЫ
17:39, 22 қаңтар 2021
«ANTIKORNEWS» ТЕЛЕЖОБАСЫНА ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ...
Толығырақ...