ШҰҒЫЛ! АБАЙЛАҢЫЗ, КӨКТАЙҒАҚ! Толығырақ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

15:36, 20 қаңтар 2020

Ел қорғау – ердің міндеті! Қоғам қауіпсіздігінің қалқанына айналған 5510 әскери бөлімінде жауынгер қатарына қабылданған 280 сарбаз салтанатты түрде ант қабылдап, Отан алдындағы борышын адал өтеуге серт берді. Әскерге былтырғы күзде шақыртылып, жас жауынгер курсынан сәтті өткен жігіттер Ұлттық ұлан қатарында әскери қызметін өтемек.  

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ, РЕДАКТОР:

Ұлттық гвардия қарамағындағы 5510 әскери бөлімінде бүгін ерекше тарихи күн. Жауынгер қатарына жаңадан қабылданған жас сарбаздар әскери ант қабылдамақ. Олар Отан алдындағы борышын адал атқарып, туған елін қасық қаны қалғанша қорғауға серт беруде.

 «Қазақстан Республикасына қызмет етемін!» деген рухты ұрандар әскери бөлімнің саптық алаңында жаңғыра естіледі. Сарбаздар елі мен жерінің тыныштығын күзетіп, халқының амандығы үшін қорған болуға ант беруде.

ИЛЬЯ ДОЛЯ, САРБАЗ

Мен бүгін 5510 әскери бөлімінде ант қабылдаудамын. Мен дәл осы әскери бөлім қатарана қабылданғаныма қуаныштымын. Себебі, Ұлттық гвардия әрбір қазақстандық азамат әскери міндетін өтеуі тиіс ең қауқарлы әскери құрылым деп санаймын.

Баласының абыройлы міндетке аттанардағы маңызды сәтіне куә болу үшін өңірдің түпкір-түпкірінен 500-ге тарта ата-ана ат арытып жеткен. Ұлы ант қабылдап жатқан сәтте әкенің кеудесін мақтаныш, ананың көкірегін қуаныш кернеп тұрды.

ЖАЗИРА ЕГІМБАЕВА, АТА-АНА

Менің балам, Садуов Ақжол, Көкшетау қаласына әскери міндетін атқаруға шақыртылды. Өзімнің бес балам бар, Бұл үшінші балам. Скл. Балама айтарым, өз міндетін абыроймен атқарсын. Отанын қорғасын. Бұл әскерде болған екінші балам. Үлкен балам да әскерде болған, ағасының жолын берсін! Абыроймен оралсын!

Бұл жауынгерлерге жүктелетін міндет бөлек. Бір жыл бойы түзеу мекемелеріндегі тыныштықты сақтап, аймақ жұртшылығының құқығын қорғап, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша, Ел тәуелсіздігінің тұтастығын, бейбіт күннің тірлігін кірпік қақпай күзетеді.

ҰЛЫҚБЕК ҚАРАЕВ, 5510 ӘСКЕРИ БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұлттық ұланның 9 міндеті бар, соның ішіндегі 7 міндет біздің әскери бөлімде орындалады. Сол жеті міндетке орай біздің әскери қызметшілер бір ай бойы дайындықтан өтті. Взвод, рота командирлері соларды дайындап, екі-үш күн арасында әскери бөлімдегі жеке роталарға жібереміз.

Бүгінде 5510 әскери бөлімінде мың жарымға жуық сарбаз бен офицер Отан алдындағы борышын өтеуде. Жаңадан қатарға қосылған сарбаздар келер жылдың желтоқсан айында отбасына оралады деп жоспарланып отыр.

ЕРДІГҮЛ ДӘДІБАСҚЫЗЫ,  ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, «КӨКШЕ  АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
19:13, 29 қазан 2020
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ БЕДЕЛІНЕ НҰҚСАН КЕЛМЕУІ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
18:22, 23 қазан 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАЙ ОТЫР
Толығырақ...
23  ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
18:24, 23 қазан 2020
23 ҚАЗАН - ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ
Толығырақ...