ШҰҒЫЛ! ЕЛ ҮМІТІН - ЕР АҚТАР! Толығырақ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ БОРЫШТАРЫН АДАЛ ӨТЕДІ

18:31, 7 маусым 2019

СТЭНДАП: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, РЕДАКТОР //

Тыңдап әнін сарбаздық жүрегінің,

Сарбазы болып қазақтай дүр елінің,

 Борыштарын өтеген жауынгерлер,

Үйлеріне қайтқалы тұр міне бүгін.

 РКС: Аталмыш әскери бөлімде бүгінгі таңда 555 сарбаз бар. Соның 282-сі әскери борыштарын абыроймен аяқтап, үйлеріне аттанғалы жатыр.   

СНХ:  МАДИЯР  ЖҰМАЖАНОВ, ЖАУЫНГЕР/// Көкшетау қаласына 2018 жылы 13 маусымда әскери борышымызды өтуге шақыртылдық.  Көкшетау жалпы өзіме қатты ұнады. Әскер бізге не үйретті? Әскер бізді төзімділікке, шыдамдылыққа үйретті. Қуанышымызда шек жоқ. Барлық сарбаздардың барлығының  кеуделерінде от жалындап тұр. Өз басым толқып тұрмын.

РКС: Сарбаздар үшін бұл кез кішігірім мектеп сынды. Әскери бөлімдегі сарбаздардың басты міндеті - қаланың тәртібін қадағалау. Осы міндетті мінсіз орындаған жалын жүректі жауынгерлерді салтанатты шара барысында бөлім командирі атаулы күнмен құттықтап, барлығына сәттілік тіледі. 

 СНХ: ҰЛЫҚБЕК ҚАРАЕВ, 5510 ӘСКЕРИ   БӨЛІМІ КОМАНДИРІНІҢ  ОРЫНБАСАРЫ/// Сарбаздарымыз Отан алдындағы борыштарын адал  атқарып, енді  үйлеріне ама-есен жетулеріне тілектеспіз. Бүгін  бөлім командирі Асқар Қайратұлы сарбаздарға арнайы келіп ақ тілек тіледі. Одан қалса жеке құрамды полиция департаментінен де келіп құттықтады.

РКС: Кеуделерін қуаныш кернеп, әскери міндеттерін аяқтаған сазбардар осы аптаның соңына дейін үйлеріне оралады. Ал, алдағы айда осы сарбаздардың орнын басқа жігіттер келіп толтырады.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ

Тақырып бойынша материалдар

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:26, 18 маусым 2019
ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ БОЛЫП ҚАЙТА ТАҒАЙЫНД...
Толығырақ...
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСАТЫ
19:06, 18 маусым 2019
ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІКТІ САҚТАУ – «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ» БАСТЫ МАҚСА...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар