ШҰҒЫЛ! ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР Толығырақ

САУДА ОРЫНДАРЫ ЖАҢА ЖҰМЫС КЕСТЕСІНЕ КӨШТІ

19:26, 20 наурыз 2020

 

 

ДК: Елдегі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты коронавирустың алдын алу шаралары барынша күшейтілген. Облыс орталығы Көкшетау қаласындағы ірі сауда нысандары мен ойын сауық желілері жабылған. Тек азық - түлік дүкендері мен дәріханалар белгіленген тәртіпте жұмысын жалғастыруда. Тақырыпты тілші тарқатады.

STAND-UP:ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, РЕДАКТОР/// ҚР Денсаулық сақтау министрінің арнайы Қаулысынан кейін қаладағы ірі сауда орындары жұмыс кестесін уақытша шектеген. Осы ретте әсіресе киім-кешек саудасы тоқтатылған. Тек қана азық-түлік саудасы қызып тұр. Біз қазір РИО ойын - сауық орталығында тұрмыз. Бұл ғимараттың жалпы аумағы 15 мың шаршы метр, айына 400 мыңнан астам адам келетін көрінеді. Ғимараттың бірінші қабатында балалар тағамы мен тек қана дәріхана жұмыс істеп тұр.... ///   

РКС: Алайда азық - түлік дүкендері мен шағын супермаркеттер, азық - түлік базарлары қалыпты  режимде жұмыс істеп тұр.

СНХ: НҰРИЯ БАЙСАЛБАЕВА, «ОРТАЛЫҚ БАЗАР» СЕРІКТЕСГІНІҢ ӘКІМШІСІ /// қазақша /// Біріншіден біз сауда нысандарының жұмыс уақытын қысқарттық. РИО ойын сауық орталығы, Керуен сауда үйі мен Шайба базарын уақытша жабу туралы шешім қабылдадық. Осы нысандар бүгіннен бастап жабық тұр. Бұдан бөлек Орталық базардағы киім-кешек, тұрмыстық заттар бөліміндегі жұмысшылардың жұмыс уақытын тоқтаттық. Қазір тек орталық базардың азық – түлік бөлігі ғана жұмыс істеп тұр. //

РКС: Коронавирус індетінің таралу қаупі жоғары болуына орай қаладағы түнгі клубтар, караоке барлар, монша мен фитнес орталықтары, бассейндер және компьютерлік клубтар өзге де адам көп жиналатын нысандардың қызметі уақытша тоқтатылған.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

 

Тақырып бойынша материалдар

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
19:42, 4 маусым 2020
АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫНЫҢ ӨСУІНЕ ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕЛБАСЫНЫҢ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТАР
17:03, 29 мамыр 2020
ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ. ТӘЖІРИБЕ МЕН БАСЫМДЫҚТА...
Толығырақ...
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
13:23, 29 мамыр 2020
МАҚТААРАЛҒА 45 ТОННА КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛГЕН
Толығырақ...