ШҰҒЫЛ! ОБЛЫС ҚҰРАМАСЫ ЧЕМПИОНАТҚА ДАЙЫНДАЛУДА Толығырақ

САЯСИ КҮШ БІРІКТІРУ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛЕЛІ КЕЛІСІМ КЕПІЛІ!

15:13, 13 ақпан 2020

Биыл «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңының 18 бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделген. Келешекте осы заң талаптарының үстем болуына ерекше назар аударылу қажет. Осы және өзге де мәселелер  «Қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңестердің өзара әрекеттестігі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында қызу талқыланды.  

Өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен ойып тұрып орын алған қазіргі тәуелсіз Қазақстанның ең басты құндылығы – ұлт пен ұлыстың татулығы мен береке-бірлігі екені баршаға аян. Бұл ретте Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен құрылып, бүгінде мақсат - міндеті үздіксіз жетілдіріліп келе жатқан  Қазақстан халқы Ассамблеясының орны орасан.     

ҒАЛЫМ БЕКМАҒАМБЕТОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА-ның 28 – ші сессиясында қоғамдық келісім кеңесі мен қоғамдық кеңестердің фунционалдық міндеттері мен жауапкершілік мазмұнын қайта қарау туралы бастама көтерген болатын.ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі   ауқымды іс-шараларды қолға алып, қоғамдық кеңестің мәртебелік имиджін қарастырып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізуге қатысты тиісті заң жобасын әзірлеуге кірісті. Осыған сәйкес «Нұр Отан» партиясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара бірлескен жүйелі жұмыс жоспары құрылды. Заң жобасы ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында партиялық пікір алаңында мұқият талқыдан өтуі тиіс. Кейін Парламентке жолданатын болады. ///

РКС: Көп ұлтты Қазақстандық қоғамда бірлік, бейбітшілік және келісім орнаған. Дегенмен, кеңес мүшелерінің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық-саяси рөлі күрделене түскен сайын, бірлесіп жұмыс істеу бағытын айқындаудың мәні мен маңызы зор.  Мұндағы басты қағида қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтып, ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру. 

СНХ: БАХЫТ АЙДОСОВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЗЕРЕНДІ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Жуырда ғана Жамбыл облысы Қордай ауданындағы жаңалықтар барлығымызды әрине дүр сілкіндірді. Себебі жәй бір кішкене жанжалдың нәтижесінде қаншама адам зардап шегіп, елдің тыныштығы бұзылды. Не нәрсе шешілсе де заң жүзінде шешілуі керек. Сондықтан, біздің де қоғамдық кеңес құрамында партия мүшелерінің қатары көп болғаны дұрыс. Себебі бізге көптеген мәселелермен қоғамдық қабылдауға азаматтар келеді. Аудан, қай елдімекен болмасын келелі мәселелерді бірінші еститін азаматтар біздерміз. Сондықтан бізбен бірлесе жұмыс істеген дұрыс деп ойлаймын. /// 

РКС: Дөңгелек үстелге жиналғандар қоғамдық келісім кеңестері мен қоғамдық кеңес ұйымдарының мақсаты мен жоспарын халық арасында жан-жақты ақпараттандыру мәселесін барынша күшейту қажеттігін атап өтті. Заң жобасын егжей-тегжейлі талқылаудың нәтижесінде бірқатар шешімдерді толықтыру туралы ұсыныс дайындалды.

ЕРБОЛАТ СЕРІКБАЙ ЕРМЕК МАХМЕТОВ «КӨКШЕ АҚПАРАТ»

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
20:33, 21 ақпан 2020
ОБЛЫСТЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАР ӘЛІ ДЕ ЖАБЫҚ
Толығырақ...
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
20:27, 21 ақпан 2020
ҒЫЛЫМҒА БӨЛІНЕТІН ҚАРЖЫ КӨЛЕМІ АРТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 ӨҢІРГЕ  ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
15:04, 19 ақпан 2020
ӨҢІРГЕ ШЕТЕЛДІК 100 АЗАМАТ ЖҰМЫСҚА КЕЛГЕН
Толығырақ...
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫП АЛЫНДЫ
16:18, 18 ақпан 2020
ҮЙІ ӨРТЕНГЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚАРЖЫҒА ҮЙ САТЫ...
Толығырақ...