ШҰҒЫЛ! ҚҰТҚАРУШЫЛАР – ХАЛЫҚ ҚОРҒАНЫ Толығырақ

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТІЛМЕК

15:55, 10 қазан 2019

Алаш ардақтысы, мемлекет және қоғам қайраткері  Сәкен Сейфулиннің 125 жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында аймақта дайындық іс-шаралары жүргізілу үстінде. Арқаның кербез сұлу Көкшетауын жақұт-жырларына қосқан ақиық ақынның  мерейтойына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар легі аймақта алдағы аптада бастау алып, жыл соңына дейін жалғаспақшы.

Олбыс әкімі Ермек Маржықпаев Сәкен Сейфулиннің 125 жылдық мерейтойын атап өту іс-шараларына жауапты ұйымдастыру комитетінің мүшелерін қабылдады.  Өңір басшысы аймақта жоспарланған жеті шараның әрқайсысының маңыздылығын атап өтті.

ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Сәйкен Сейфуллиннің есімі Ақмола облысы, Нұр Сұлтан қаласымен тығыз байланысты. Ол осы өлкеде туып өсті, қоғамдық-саяси өміріне етене араласты. Ақынның 1929-шы жылы жазған Көкшетау поэмасы ақмолалықтарға жақсы таныс. Ұлы тұлғаның ұлт үшін сіңірген еселі еңбегін ескере отырып, мерейтойды ауқымды атап өтудің мәні мен  маңызы зор.

Алдағы аптада Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмек.  Ауқымды шараға белгілі ғалымдар мен ақынның туыстары мен ұрпақтары шақырылмақшы.

НАРИМАН ӘБДІРАХМАНОВ,  ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

500 дана көлемінде мақалалар жинағын басып шығару көзделген. Бұдан бөлек, ақындар арасында облыстық Мүйшәра ұйымдастырылмақшы. Сондай-ақ аудан қалаларға арнап  ақынның өмірі мен шығармашылығын қамтыған тақырыптық  слайдтар, баннерлер басып шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай  ғылыми сайыстар, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері арасында түрлі байқаулар өзге де мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылу жоспарланған.  

Ерболат Серікбай, Мадина Смагулова, Василий Вережников, Көкше ақпарат.

Тақырып бойынша материалдар

​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ  ҚҰБЫЛМАЛЫ  БОЛАДЫ
19:49, 18 қазан 2019
​АЛДАҒЫ АПТАДА АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ БОЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
15:04, 14 қазан 2019
ГЕРОИН САУДАСЫМЕН АЙНАЛЫСҚАН ОТБАСЫ ҚҰРЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...